Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2468 0 пікір 29 Шілде, 2022 сағат 15:06

Ауылдық квота: Грантты өтеу уақыты 2 жыл болмақ

Ауылдық квота бойынша ЖОО-ның бітірген жас мамандардың мемлекеттік грантты еңбекпен өтіеу мерзімі 2 жылға қысқармақ.

«Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта.

Бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.

«Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары», - деп айқындалған қаулыда.

Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963