Челахтың ісі бойынша жаңа адвокат тағайындау заң бұзу болып табылады, деп есептейді қорғаушылар жағы
Талдықорған. 4 желтоқсан. ҚазТАГ
Шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша жаңа адвкат Жұмағайша Саржанованың тағайындалуы қылмыстық-процессуалдық кодексті (ҚПК) бұзу болып табылады, деп есептейді адвокат Серік Естияров.
«Сот тағы да бұзушылықтарға барды. Сырқаттанып қалса, ҚПК бойынша рұқсат берілген 5 күн мен үшін де, Сәрсенов (В. Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов - ҚазТАГ) үшін де біткен жоқ. Материалдардың мазмұнымен таныспасаң, сотталушының мүдделерін қалай қорғауға болады? Бұған уақыт керек. Бір томты оқуға кем дегенде үш сағат кетеді. Маған үш томмен танысуға бір күн кетті», - деді Серік Естияров сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.
Адвокат С.Естияровтың айтуынша, ол және С.Сәрсенов сотқа өздерінің қатыспауын ақтайтын құжаттар тапсырады.
«Кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін, бұдан ешкім сақтана алмайды. Ертең сотта боламын. Егер сот мені аластатса, демек, одан ары Челахтың мүдделеріне өкілеттік етпеймін», - деді С.Естияров.
Шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша төрағалық етуші судья Ербол Ахметжанов сот процесіне қатысушыларға мемлекеттен жаңа адвокат Ж.Саржанованы таныстырып үлгерді, оның құпия материалдармен жұмыс істеуге рұқсаты бар. Алматы облыстық адвокаттар алқасының хабарлауынша, Ж. Саржанова облыстың Сарқан ауданының заңгерлік кеңес беру бөлімінде жұмыс істейді.

Бұрын хабарланғандай, 30 қарашада В.Челахтың ісі бойынша сот отырысы шекарашының адвокаттары Серік Сәрсенов пен Серік Естияровтардың денсаулық жағдайларына байланысты қатыспауы себепті 4 желтоқсанға ауыстырылған болатын.
Еске сала кетейік, 30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимараты табылған. Сол жерден 13 адамның өртенген мәйіттері табылды. Кейін тағы бір шекарашының жансыз денесі табылды. Бұдан басқа, шекара бекетіне жақын жерден қорықшының денесі табылды.
Тірі қалған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындады. Оған ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» тармағы бойынша айып тағылды. Тергеу болжамына сәйкес, қылмыс жасауға ішкі қақтығыстар итермелеген.
1 қазанда В.Челахқа қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша айып тағылды: 2 және одан көп кісіні өлтіру, «құпия» грифі бар құжаттарды ұрлау, жымқыру, қару-жарақты ұрлау және заңсыз сақтау, әскери мүлікті бүлдіру, тұрғын үйдің қолсұғылмаушылығын бұзу және дезертирлік.
2 қазанда Қазақстанның бас прокуратурасы шекарашы В. Челахтың ісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.
В.Челах пен оның адвокаттары іс материалдарымен 26 қазанда танысып бітті. Бас әскери прокуратура хабарлағандай, 2012 жылдың 31 қазанында қылмыстық іс сот қарауына жолданды.