«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауына қызу дайындық жүріп жатыр
Алматыда отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының комиссия отырысы өтті.
«Бүгін Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық комиссияының отырысы өтті. Жалпы бұл конкурс 2014 жылдан бері өтіп келеді. Алматы қаласы жыл сайын конкурсқа белсенді қатысады. Өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені елімізде отбасы құндылықтарын насихаттау, үлгілі отбасын елдің алдына шығарып көрсету – өзекті мәселе», – дейді Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдар Есенбеков.
Биыл байқауға 8 ауданнан 193 отбасы қатысуға ниет білдірген. Әр ауданнан озып шыққан жанұя Алматы қаласының атынан республикалық байқауға жіберіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мерейлі отбасы» конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі тамыз айына жоспарланған.
Abai.kz