Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2925 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 06:43

Шығыс Қазақстандағы жол-көлік апатында зардап шеккен 13 жасар хоккейші комада жатыр – дәрігерлер

Өскемен. 4 желтоқсан. ҚазТАГ

Шығыс Қазақстандағы жол-көлік апатында зардап шеккен 13 жасар хоккейші комада жатыр, деп хабарлады Өскемен қ. ана мен бала орталығының (АБО) директоры Рая Рахымова.

«Балалар қатты қорқып қалған, қазір 11 жасар Әкежан Метаевтың қорқыныш сезімі өтті, қазір үйіне сұранып жатыр, ал 13 жасар Владимир Ефремовтың жағдайы дағдарысты, ауыр, оның алған жарақаттары ауыр, қазір терең емес комада», - деді Р. Рахымова сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Оның айтуынша, жол-көлік апатына білікті дәрігерлер бригадасы барған. Олар аман қалған балалардың жағдайын ауыр деп бағалаған.

«Бірақ оларды тасымалдауға болатын, реанимобильде балаларға компьютерлік томография жасалды. Балалар бас сүйегі-ми жарақатын, ми жарақатын алған, ішкі органдары зақымданған, оларға жедел операция жасау қажеттілігі болмаған.

Зардап шеккен балаларға оқиға орнында дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенін ескере отырып, дәрігерлер хоккейшілердің тез сауығып кететініне үміттенеді.

Бұрын хабарланғандай, 3 желтоқсан күні таңертең Шығыс Қазақстанда Өскемен-Семей трассасында екі шетелдік көлік қақтығысып қалған, көліктердің бірінде 4 бала отырған, соның ішінде 11 және 13 жастағы екі жас хоккейші қаза болды, осы жастағы екі бала Өскемен облыстық ауруханасына жеткізілді.

Облыстық ІІД ақпаратына сәйкес, балалар Өскеменде өтіп жатқан республикалық хоккей турниріне бара жатқан.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері апатқа жолдың нашар көрінуі себеп болды деп болжам жасады, бірақ адами факторды да қарастырып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371