«Өзбек темір жолдары» Қазақстанмен шекарада тексеру режимін бұзады – дереккөз
Ташкент. 4 желтоқсан. ҚазТАГ
«Узбекистон темир йуллари» мемлекеттік -акционерлік теміржол компаниясы (МАТК) Қазақстан-Өзбекстан шекарасында инспекциялық-тексеру кешенін (ИТК) қолданымен кедендік бақылау режимін бұзады, деп хабарлады ҚазТАГ-қа ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінен.
«Өзбекстандық теміржол құрамдары «Сарыағаш» теміржол өткізу бекетінде жылдамдық режимін бұзады, бұл бұзушылық жүйелі мәнге ие болып отыр», - деп хабарлады Қазақстан кеденінің өкілі.
Оның еске салуынша, 2011 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті және «Узбекистон темир йуллари» МАТК «Сарыағаш» теміржол өткізу бекетінде ИТК пайдаланумен тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеудің тәртібіне қол қойған.
Тәртіп талаптарының бірі теміржол құрамдары ИТК өту кезінде 30 км/сағ аспауға тиіс жылдамдық режимін сақтау болып табылады.
Алайда Қазақстан жағының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні өзбек компаниясының 4400 вагоны ИТК пайдалану арқылы жалпы инспекциялаудан өтпеген.
«ИТК өту кезінде жылдамдық режимін бұзу интрузивті емес тексеруді (көлік құралын ашпай - ҚазТАГ) мүмкін емес етеді. Біз кедендік транзитті рәсімдеуден бас тартып, жүктерді қайтадан тексеруден өтуге жіберуге мәжбүрміз», - деп хабарлады кедендік бақылау комитетінің өкілі.

ИТК ҚР кедендік және шекаралық бақылау аймағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру кезінде ірі габаритті жүктерді сканерлеу (интроскопия) үшін пайдаланылады. ИТК пайдалану жүк көлік құралын ашпай және жүктерді шығармай, оның ішіндегі тауарлардың бейнесін аз уақытта (3-5 минут) алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, тексеру құралдарын пайдалану жүктерді тексеру кезінде адами факторды барынша азайтып, инспекциялау уақытын ондаған есеге жеделдетуге мүмкіндік береді.