Сенбі, 23 Қараша 2024
3706 3 пікір 2 Тамыз, 2022 сағат 12:14

Путин ядролық қаруды қолдануы мүмкін бе?

АҚШ, Франция және Британия сыртқы істер министрлері "Ядролық қаруды таратпау жөніндегі" келісімге берік екенін мәлімдеп, Ресейді де "қауіпті ядролық риторикадан" бас тартып, атом соғысын ашпауға шақырды. 

1 тамызда Ядролық қаруды таратпау жөнінде келісімге келген мемлекеттер Нью-Йоркте X конференцияда бас қосқан. Онда сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш "ядролық қауіп қырғи қабақ соғысынан бері" болмап еді деді.

АҚШ президенті Джо Байден болса Ресей мен Қытайды ядролық қаруға шектеу қоятынын ашық мәлімдеуі тиіс деді.

Конференцияда онлайн сөз алған Ресей президенті Владимир Путин Кремль ядролық келісім шарттарын орындайтынын, ядролық соғыста жеңіс болмайтынын жеткізді.

Украинаға соғыс ашқаннан кейін Путин ядролық қаруды қолдануы мүмкін екенін меңзеген.

Конференция бес жылда бір рет өтіп тұрады. Оныншы кездесу 2020 жылдың мамыр айында өтуі тиіс болған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген.

"Ядролық қаруды таратпау жөніндегі" келісімге 1968 жылы қол қойылған. Бұл АҚШ, Британия, Қытай, Ресей және Францияның ядролық арсеналын заңдастырды. Қазір бұл келісімге 190 ел қол қойған. Израиль, Үндістан және Пәкістан бұл келісімге кірмейді. 2003 жылдың қаңтар айында Солтүстік Корея келісімнен шыққан.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369