Жексенбі, 12 Қазан 2025
Саңлақ 5599 0 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 13:42

Ресейден келген бизнесмен “Қайратты” сатып алмақ

Бизнесмен Тимур Турлов Алматының «Қайрат» футбол клубын сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің sport.ru порталы хабарлады.

Ол «Freedom Holding Corp» корпорациясының негізін қалаған кәсіпкер. Қазір осы компанияны басқарады.

Биыл бизнесмен Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстанның азаматтығын алған соң, мамыр айында еліміздің ең ауқатты 50 кәсіпкерінің қатарына қосылды.

2020 жылы «Freedom Holding Corp» Қарағандының «Шахтер» командасына қаржылай қолдау көрсетті. Содан кейін «Super Bol» жобасының демеушісі болды.

Енді Турлов істі болып отырған «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаевтың орнына клубты сатып алуы мүмкін деген дерек бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 832
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9937