Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4911 27 пікір 4 Тамыз, 2022 сағат 13:32

БАҚ: Жақияновтың үстінен іс қозғалды

Моңғолияның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына саяси қайраткер Ғалымжан Жақияновтың тергеліп жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Басылымдар қазақстандық саясаткердің тау-кен жұмыстарына қатысты моңғол қоғамының наразылығын туғызғанын және үстінен іс қозғалғанын жазды.

Tsahiur.mn интернет-порталының хабарлауынша, Ғалымжан Жақиянов Моңғолияда тау-кен өндірумен айналысатын ALGT тау-кен компаниясының директоры. Компанияның шикізатты экспорттауы моңғол халқының наразылығын туғызған. Ұйым басшысы Жақиянов Моңғолия байлығын жымқырды деп айыпталып отыр.

Zuuna Madee басылымы қазақстандық саясаткердің қазір тергеліп жатқанын хабарлады. Журналистердің айтуынша, Моңғолияның құқық қорғау органдарына Жақиянов қытайлық компанияны алдағаны туралы арыз түскен. Ол үйқамаққа алынды, тергеу жалғасуда.

Оның үстіне Жақияновқа Моңғолияның мемлекеттік бюджетіне салық төлемегені үшін айып тағылды. Оған қоса, басылым атап өткендей, саясаткер елдің пайдалы қазбаларын игеру жолы моңғол жұртшылығының мүддесіне қайшы келеді.

Бұған дейін, 2015 жылдан бері белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева бірнеше сот отырысынан кейін Ғ.Жақияновқа қарызға берген ақшасын әрең қайтарып алған.

Ақша тек соттың тікелей шешімімен және осыған байланысты жауапкерге қойылған шектеулермен қайтарылды.

 

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1115
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2649
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736