Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
2765 1 пікір 9 Тамыз, 2022 сағат 14:55

Үтік басып, қинаған: Тергеу аяқталды

Прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарға азаптауды қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр.

Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басып, азаптағаны туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.

"Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді", - деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1123
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1556