Жұма, 23 Қазан 2026
2224 2 пікір 17 Тамыз, 2022 сағат 13:06

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға барады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасының Президенті Халима Якубпен ресми сапарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Якуб Қазақстан Республикасының Президентіне жылы лебізін жеткізіп, Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Сингапур Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім орнату жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің алдағы саммиті аясында Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетудегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1156
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1607