Қазақстанның ең үздік редакторы мен журналисі марапатталды
Марапат ҚР Тәуелсіздігі күні мен Бас редакторлар клубының 5-жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстанның барлық Бұқаралық ақпарат құралдары» атты бүгінгі көрмеде табыс етілді.
Сонымен, «Әділет БАҚ МЕДИА» басылымының бас редакторы Қуанышбек Ботабеков Қазақстанның үздік редакторы атанды.
Ал «Қазақстанның ең үздік журналисі» номинациясы бойынша «7-ші арнаның» тілшісі Мирас Мұқашев пен «Қазақстан ұлттық арнасының» тілшісі Берік Көшербаев үздік деп танылды.
Сондай-ақ «Еуразияның алтын қаламы» атты номинация бойынша шет елдерде жүріп Қазақстан жайлы қалам тартқан журналистер - «Жихан» агенттігінің өкілі Йылдыз Доған мен «Рейтер» агенттігінің қызметкері Дмитрий Соловьев марапатқа ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тәуелсіздік мерекесі мен «Бас редакторлар клубының» 5-жылдығына орай «Қазақстанның барлық бұқаралық ақпарат құралдары» атты көрме басталды.
Кенжекей Тоқтамұрат, фото Бауыржан Жуасбаевтікі
Baq.kz