Жаңаөзен оқиғасында құрбан болғандарға ескерткіш қойыла ма?
Жаңаөзен оқиғасында құрбан болғандарға ескерткіш қою заң шеңберінде қаралуы тиіс. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов мәлімдеді.
«Кейбір тұрғындар еске алу үшін белгі қою туралы ұсыныс айтылды. Кез-келген ескерткішті, белгіні қою арнайы заңмен реттеледі. Біз мемлекеттік орган болғаннан кейін заңның аясында жүреміз. Сондықтан барлық заңдылықтары сақталған кезде рұқсат бере аламыз. Әуелі ескерткіш қою-қоймау мәселесін қарайтын құзырлы орган бар, Мәдениет министрлігінде арнайы комиссия бар. Осындай заңның аясында ғана біз келісімге келе аламыз», - деді Серікбай Тұрымов.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір жыл бұрынғы Жаңаөзен қаласындағы оқиға Қазақстан жұртшылығының қабырғасын қайыстырып, сай-сүйегін сырқыратқаны белгілі. Ел ішінде: «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген. Аталы сөз көптің көңілінде. Өмірден озғандарды еске алып, оларға арнап белгі орнатсақ екен», - деген мәселе көтерілген болатын.
«Abai.kz»