Республикалық бюджет бірінші жарты жылдықта 142,5 млрд теңге тапшылықпен орындалды
Астана. 29 шілде.  ҚазТАГ  – Қазақстанның Республикалық бюджеті осы жылғы қаңтар-маусымында 142,5  млрд теңге тапшылықпен орындалды, деп хабарлады агенттікке қаржы министрлігінен.  
Қаржы министрлігінің  мәліметтері бойынша, осы аралықта бюджетке жалпы түсім көлемі 1 трлн 364,58 млрд  теңге, жалпы шығын – 1 трлн 507,1 млрд теңге болды.
Жалпы түсімнің ішінде  кіріс 1 трлн 361,4 млрд теңге, бюджеттік кредиттерді өтеуге - 2 млрд 912,7 млн  теңге, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер - 267,9 млн теңге  болды.
Бюджеттің жалпы  шығынында жұмсаулар 1 трлн 461 млрд теңгені құрады, бюджеттік кредиттер - 7 млрд  380,6 млн теңге, қаржылық активтерді сатып алуға - 38 млрд 722,5 млн теңге  кетті.
Республикалық  бюджеттің кіріс бөлігі 2009 жылға, заң бойынша, 2 трлн 837,4 млрд теңге, шығысы  – 3 трлн 411 млрд теңге, тапшылығы – 573, 6 млрд теңге, немесе биылдыққа  болжанған ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 3,4%-ын құрайды деп бекітілген.  

Бюджет-2009-ға Brent  қоспасындағы мұнайдың жылдық орташа бағасы барреліне $40 деп есептелген. Соңғы  ресми болжамдарға сай, биыл Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 2008 жылғы 70,7  млн тоннаға қарағанда 75-76 млн  тоннаны құрамақшы. 
Ағымдағы  республикалық бюджетте ІЖӨ-нің нақты өсуі, 2009 жылы базалық сценариге сәйкес,  1% болады деп көрсетілген. Жыл соңына инфляция деңгейі 11% болады деп болжанған.  