Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5759 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 09:10

Қостанай облысында А/ Н1N1 тұмауының алдын алу мен емдеу штабы құрылды

Қостанай. 29 шілде. ҚазТАГ – Қостанай облысында, құрамына денсаулық сақтау басқармасының, санэпидқадағалау, ТЖ мен басқа да тиісті қызмет өкілдері кірген

А/ Н1N1 тұмауының алдын алу мен емдеу штабы құрылды. Бұл туралы агенттіке Қостанай облысының мемсанэпидқадағалау басқармасынан хабарлады. Қазірдің өзінде шошқа тұмауын емдеу мен оның алдын алудың бірқатар шаралары жасалды. Ауруханалар шошқа тұмауы анықталып, диагнозы расталған жағдайда пациенттерді қабылдауға дайын.

Айтпақшы, Лондоннан оралған балалар арасында Қостанайдан да бір қыз бала болған, және бір қыз бала Астанадан туыстарына келді. Оларды тұмау жұқтырғандармен қатынаста болғандар ретінде жергілікті дәрігерлер дереу бақылауға және мұқият тексеруге алды. Қыздарды профилактикалық емдеуден өткізіп, ыстығын, жағдайын тұрақты бақылауға алды. Нәтижесінде олардан тұмаудың бір де белгісі көрініс бермеді. Бізге Қостанай облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлағандай, оқушылардың дені сау, диагноз расталмады, 28-ші шілдеде карантин алынып тасталды.

Қостанай дәріханаларында оксалин майы мен маскілер бар. Дәрілердің тапшылығы жоқ және оларға дүрлікпе сұраныс та байқалмайды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963