«Таңғы шық» елі тұңғыш рет әйел президентті сайлады
Оңтүстік Кореяның тарихында тұңғыш рет әйел адам - билеуші «Сэнури» консервативтік партиясының үкілі үміткері Пак Кын Хе 51,6 пайыз дауыс жинап, ел президенті болып сайланды. Оның «Сэнури» партиясы биыл парламенттік сайлауда да жеңіске жеткен еді.
Онымен тайталасқа түскен Біріккен демократиялық партияның өкілі Мун Чже Ин 48 пайыз дауысқа ие болды. 60 жастағы Пак Кын Хе - мемлекеттік төңкеріс арқылы билікке келіп, Оңтүстік Кореяны 1963 жылдан 1979 жылға дейін басқарған генерал Пак Чон Хидің қызы. Кереғар тұлға Пак Чон Хи, бір жағынан, диктаторлығымен аты шықса, екінші жағынан, ол - оңтүстіккореялық «экономикалық ғажайып» авторы. Ал заңгер, құқық қорғаушы, президент әкімшілігін басқарған Мун Чжэ Иннің әкесі кезінде КХДР-дан көшіп келген екен. Биылғы сайлауда мерейі үстем болған Пак Кын Хе 2008 жылы да президенттік додада бағын сынап, партияласы, қазіргі президент Ли Мен Бактан жеңіліп қалған еді. Бар өмірін саясатқа арнаған әйел президенттің ері, бала-шағасы жоқ. Оңтүстік корей елінің 18-президенті болып сайланған Пак Кын Хе 2013 жылдың ақпан айында өкілеттілігі аяқталатын Ли Мен Бакты ауыстырады.
"Айқын" газеті