Жастарға он сотық жер телiмiн берудiң механизмi әлi жасалған жоқ
1990 жылдың басында кеңес өкiметiнен қалған байлықты ат төбелiндей адамдар бөлiп алды. Ауылдық жерде колхоз бен совхоздар тарады, жастарға жұмыс табылмады, бәрi де қалаға шұбырды. Ауылдық жерде ешқандай жұмыс қалмады. Жастардың дипломы барлары да, жұмыссыздықтан ауылдастарымен қосылып арба сүйреуге мәжбүр болды. Жоқшылыққа шыдамағандар басқа дiндердiң жетегiнде кеттi. Оның нәтижесiн күн сайын естiп, бiлiп отырмыз.
Қалада екi жас қосылса, үй-күйi жоқ. Бiрер баласы болса, балаларын арқалап пәтер iздеуде. Әрине, оларға қалалық тiркеу берiлмейтiнi бесенеден белгiлi. Тiркеу болмағандықтан, жер телiмдерi (10 сотық) де берiлмедi. Жастар өзiнiң туған ауылында тiркеуде. Екеуi екi ауылда, балаларын да балабақшаға алмайды. Әке-шешелерi қаржылай көмектесiп жатса, онда қарызданып-қауғаланып несиеге екi-үш жыл үй салады. Осы қиындыққа шыдай алмаған жастар айырылысып тынады. Сонда бұл жағдайды түзеу үшiн не iстеуiмiз керек? Оған кiмнiң күшi жетедi?
Президентке кейбiр шешiмiн таппай жүрген мәселелер жөнiнде жазсақ, президент әкiмшiлiгi облыс әкiмшiлiгiне жiбередi, ал облыс әкiмшiлiгi аудан әкiмшiлiгiне жiбередi, сонымен тынады.

Жастарға он сотық жердi беру механизмiн жасамаған билiктен не пайда? Облыс орталығы мен Астанада тұрған шенеунiктер және мүмкiндiгi бар адамдар жердi алып, оны ауылдан келген адамдарға сатуда. Ал қарапайым халыққа ештеңе жоқ. Егер де қазақтың зиялы қауымы жер сатуға қарсы тұрса, жер сатылмай халықтың игiлiгiне пайдаланылса, өсiм де болар едi.
Бiздiң мемлекет дүние жүзiнде бiрiншi болып атом жарылысына шектеу қойды. Президенттiң бұл бастамасын халқы бiрауыздан қуаттады, қуанды, дүниежүзiнiң прогресшiл халқы да қолдады. Алайда қазақ жерiнiң Ресейге әскери сынаққа берiлуi миға сыймайды. Қазiр қазақ елi бойынша жүктi әйелдердiң 30 пайызы - ауру, ал бiздiң ауданда 63 жылдан берi әртүрлi әскери сынақтар өтуде. Бiзде және бiз сияқты аудан, облыстарда ауру аналар тiптi көп болуы мүмкiн. Қазiр әрбiр ауылдық округтерде туғаннан кемтар жастар да жеткiлiктi. Қайтыс болғандары өз алдына. Осылай жерiмiздi шетелдiк әскери сынаққа бере берсе, ұрпағымыздан не қалады? Мұндай тәуелсiздiктен не пайда?
Елiмiз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн жерасты байлығын мемлекет сата бастады. Атырау халқының қай-қайсысы да өндiрiс қалдықтарынан көз аша алмай отырғанын жыр етiп айтады. Өткен жылы қант мөлшерi көбейiп кетiп, облыстық ауруханаға жатуға тура келдi. Йод тапшылығы, қант диабетi ауруымен ауырғандардың тең жартысы Қарашығанақтан. Сонда зиянсыз өндiрiстi iске қосу тек алдау болған сияқты.
Атом электр стансасынан дүниежүзiнiң алдыңғы қатарлы елдерi бас тартып жатса, бiз "ұлы мемлекеттердiң көңiлiн қимай" АЭС саламыз деймiз. Ұйымдасқан жемқорлық жайлаған елде сол АЭС стандартқа сай салынады дегенге кiм нанады? Мемлекет жастардың тұрмысын жақсарту жөнiнде экономикалық-әлеуметтiк бағдарламалар жасап, оның толықтай жүзеге асуына баса назар аударып, адам денсаулығына зиян келтiретiн келеңсiз жағдайларды жою жөнiнде шаралар алса, нұр үстiне нұр болар едi.
Ескендiр Қазиханов,
II топтағы мүгедек,
Сайқын ауылы,
Бөкей ордасы ауданы,
Батыс Қазақстан облысы.
"Жас Алаш" газеті