Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 29121 0 пікір 24 Желтоқсан, 2012 сағат 07:10

Алтын Орда және Ислам – 700 жыл

Ортағасырлық араб және парсы тарихшыларының еңбектеріне көз жүгіртсек, 1312-1313 жылдары Алтын Орда тағына жас әрі жігерлі Өзбек хан отырды. Ол билікке келісімен ислам дінін мемлекеттік дәрежеге көтерді. Әл Бирзали Өзбек хандық билікке келместен бұрын мұсылмандыққа өткен дейді. Өзбек сұлтанды билікке әкелгендердің арасында Алтын Ордалық мұсылман қауымының көрнекті басшылары Құтлық Темір әмір, оның бауырлары Сарай Темір, Мұхаммед Қожа сондай-ақ мұсылман дінбасылары болған. Ибн Дукмактың жылнамасында Өзбек ислам дінін таққа отырған соң қабылдаған, және кейін өзіне Сұлтан Мұхаммед деген жаңа есімді алған екен. Ортағасырлық деректерде Өзбек хан исламды сопылық йассауи тариқатының өкілдерінен қабылдағандығы айтылады.

Ортағасырлық араб және парсы тарихшыларының еңбектеріне көз жүгіртсек, 1312-1313 жылдары Алтын Орда тағына жас әрі жігерлі Өзбек хан отырды. Ол билікке келісімен ислам дінін мемлекеттік дәрежеге көтерді. Әл Бирзали Өзбек хандық билікке келместен бұрын мұсылмандыққа өткен дейді. Өзбек сұлтанды билікке әкелгендердің арасында Алтын Ордалық мұсылман қауымының көрнекті басшылары Құтлық Темір әмір, оның бауырлары Сарай Темір, Мұхаммед Қожа сондай-ақ мұсылман дінбасылары болған. Ибн Дукмактың жылнамасында Өзбек ислам дінін таққа отырған соң қабылдаған, және кейін өзіне Сұлтан Мұхаммед деген жаңа есімді алған екен. Ортағасырлық деректерде Өзбек хан исламды сопылық йассауи тариқатының өкілдерінен қабылдағандығы айтылады.

Өзбек хан билікке келісімен өз ұлысында исламдану үдерісін тез әрі қысқа уақыт ішінде жүргізуге тырысты. Екі жылдан кейін Мысыр сұлтаны Мәлік ән Нәсирге жазған хатында Өзбек өзінің ұлысында кәпірлердің аз қалғандығын айтады. Парсы жылнамашысы Муин ад-Дин Натанзи Өбек хан тұсында Дешті Қыпшақ «Аллаға табынған елге айналды» - деп жазады. Осының нәтижесінде ұлан-ғайыр аумақтағы түрік, моңғол, иран тектес этностардың исламдану үдерісі басталды. Кейін олардың негізінде түркі этностары - қазақ, өзбек, әзірбайжан, татар, ноғай, түрікмен, башқұрт, қырғыз т.б. қалыптасты. Яғни, Өзбек ханның басты еңбегі Алтын Орданы күшейтіп қана қоймай сондай-ақ ислам дінінің еуразияның далалық аймақтарында кең таралып,  жахандық дінге айналуына ықпал жасауында деп білеміз.

XIII ғасырдың соңында Ислам діні Шыңғысхан империясынан бөлініп шыққан Алтын Ордада ресми дін дәрежесіне көтерілді. Оқиғаның осылай дамуы тек қана ішкі саясаттың қиын-қыстау кезінде емес, бірегей идеологиялық мүддені қалауда және билік басындағылар мен көшпелі көпшіліктің арасындағы қарым-қатынасқа себепші болды. Исламның потенциалын Алтын Орданың билеушілері, сыртқы саяси міндеттерге жету үшін де пайдаланды. Мысалы, діни ынтымақтастық  әскери күшті Мысырдағы мәмлүктің сұлтандарымен бірігіп ұйымдастыруға рұқсат берді. Оның қылышы Иран ильхандарына қарсы бағытталды. Ислам аймақтағы халықаралық саясатта  ажырамайтын элемент болып қалды. Берке хан басқарған кездегі, мұсылман тарихында үлкен саяси маңыздылықтың дәлелі болған,  Алтын Ордадағы «діншілдердің жеңісі» сияқты көрсетілгенмен, бәрібір мемлекет өмірінде және қоғамдық тұрмыста айтарлықтай исламдандыруға әкелген жоқ. Ордадағы діншілдердің айтуы бойынша, «Алтын кезең» Өзбектің хандық құрған дәуірінде (1313-1341)  болған. Онда ислам басымдылық жағынан көрінді, жергілікті мәдениет мұсылман таңбасына анық ие болды, ал бақсылар мен ламалар (будда дінінің сопылары) қуғынға ұшырады. Әрбір алтынордалық хан өзінің түркіше қойылған атынан басқа, араб есімін алып жүрді. Тиындарға қарап айтсақ, Жәнібек  Сұлтан Жалал Ад-Дин Махмұд, Бердібек - Сұлтан Мұхаммед, Тоқтамыс - Сұлтан Нәсір Ад-Дин, т.б. деп аталып жүрген.

Қазақстан аумағында ислам дінін ресми деңгейге алғаш көтерген Қарахан мемлекеті болатын. Дегенмен, Қарахан мемлекетіне Қазақстанның барлық территориясы енген жоқ. Алтын Ордаға сонау Дунайдан Алтайға дейінгі кеңістік, қазіргі ТМД аумағы толық қарады. 1312-1313 жылдардан бастап ислам діні осын кеңістіктегі күшті діни-идеологиялық жүйеге айналды. Алтын Ордада ресми дін ислам болса, ондағы негізгі мазхаб Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказ бен Еділ бойында кең етек жайған ханафи мазхабы болды. Тарихшылар бірауыздан Өзбек хан тұсында Алтын Орда мәдениеті гүлденген, әскери қуаты күшті, халықаралық беделі жоғары алпауыт мемлекет болды деп жазады. Дешті Қыпшақ көшпенділері арасында ислам дінінің таралуын Орта Азиялық сопылардың қызметімен байланыстырады. Алтын Орда аумағында исламның бірнеше ағымдары болған. Солардың ішінде ең көп тарағаны ханафи мазхабы еді. Ханафиттық мазхаб - сунниттік төрт мазхабтың бірі. Бүгінгі таңда әлемдегі мұсылмандардың жартысынан көбі осы ханафи мазхабын ұстанады. Түрік тілдес халықтардың барлығы дерлік, соның ішінде қазақтарда да осы дәстүрлі діни-құқықтық мектепке жатады. Ханафи мазхабының бұлайша кең тарауын Орта Азиялық аймақтардың әсіресе Хорезмнің ислам дінін таратудағы үлкен рөлімен байланыстыруға болады. Бұл аймақ ханафи мазхабының ірі орталығы болатын. Х ғасырда ислам дінін 922 жылы алдымен Еділ Бұлғариясы, кейін 960 жылы Қарахан мемлекеті қабылдады. Ал XIV ғасырдың басында Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін жарияланып, ханафи мазхабы басты ағымға айналды. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдап оны мемлекеттің мүддесінде ұстанды, ал бұл тікелей Қазақ хандығына да қатысты, өйткені, Қазақ елі сол Алтын Орда, Ақ Ордалардың мұрагері. Сол себепті Тәуке ханның "Жеті Жарғысында" да мемлекеттік дәстүрлі діні ислам еді. Құқықтық тұрғыдан қазақтар өз әдет-ғұрыптарын шариғатпен біріктіре білді. Қазақстандағы исламның тарихы сонау Х ғасырдан бастау алады. Осы уақыт ішінде ислам қазақ халқы үшін дәстүрлі дін болып келді. Халқымыз талай алмағайып заман болса да дәстүрлі дінін сақтап қала алды. Келер жылы Алтын Ордада ислам дінінің мемлекеттік дін болып жарияланғанына 700 жыл толғалы отыр. Қазақстан Алтын Орданың мұрагері ретінде осы іске бас болып, бауырлас Татарстан, Башқұртстан, Өзбекстан, т.б. түркітектес бауырларымызды тартуымыз керек. Дін істері агенттігі мен ҚМДБ аясында конференциялар, семинарлар өткізілуі тиіс. Бұл іс-шараға отандық ғалымдармен қоса  ТМД-ның дін қайраткерлерін, тарихшыларын тартуымыз керек. Бұл келелі датаны мемлекеттік тұрғыда атап өтсек нұр үстіне нұр болар еді.

Д.ЖҰМАҒАЛИЕВ

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329