Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5293 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 09:14

A/H1N1 тұмауының Қазақстанға келмеуі мүмкін емес еді, алайда еліміз оған дайын болды – денсаулық сақтау министрі

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. A/H1N1 тұмауының Қазақстанға келмеуі мүмкін емес еді. Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев осындай пікірде.

«Біз Жер ғаламшарында тұрып жатқандықтан және бұл вирустың пандемиялық мәнге ие болуына байланысты, инфекцияның Қазақстанға келуі – сөзсіз процесс. Біз оқшаулана алмаймыз. Шекараларды жабуға болады, бірақ ауа мен қоршаған ортаны жабу мүмкін емес», - деді ол сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды «бұл аурудан қорықпауға» шақырды және сол уақытта жеке қорғаныс шараларын қабылдауға кеңес берді.

«Қазақстан осынау жұқпалы аурумен кездесуге дайындықпен келді, біз мұны Астанада да, енді Алматыда да көрсетіп отырмыз», - деп атап көрсетті Ж. Досқалиев.

Ол вирусты жұқтырудың оқиғаларына байланысты әбігерге түсіп, дүрлігудің қажеті жоқ деп есептейді.

«Біз бұл инфекциямен күресе аламыз және оның азаматтарымызға барынша аз қиындықтар мен ыңғайсыздықтар әкелетіндей жасаймыз», - деп сендірді ведомство басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963