Сенбі, 23 Қараша 2024
1791 1 пікір 9 Қыркүйек, 2022 сағат 14:15

ШҚО-дағы өрт: Күршім ауданында жағдай күрделі

Күршім ауданында жағдай күрделі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты. 

"Өңірдегі өрт жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінгі күні Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы және Глубокое ауданының Каменный карьер кентіндегі өрт толығымен өшірілді. Катонқарағай ауданының Қаратал ауылында да өрт ауыздықталды", - деп жазды өңір басшысы Даниал Ахметов.

Зардап шеккендер мен елді мекендерге төнген қауіп жоқ.

"Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр. Қатты жел өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып жатыр. Қазір өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, 2 тікұшақ және 34 техника жұмылдырылды. Мұнда жұмыс тәулік бойы күндіз де, түнде де жүргізіліп отыр. Өрттің елді мекендерге таралуына тосқауыл қойылды. Алтай ауданында 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр, 150 тоннадан астам су құйылды", - деді ол.

Оның айтуынша, отпен күреске барлық күш бағытталып отыр.

"Өрттің таралуына жол берілмей, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары барынша жүріп жатыр. Мен Төтенше жағдай министрімен келіссөздер жүргіздім, облысқа жету қиын таулы жерлерде өртті сөндіру үшін тағы 2 тікұшақ келеді. Бүгінгі күні өртті жоюға барлығы 1167 адам, 123 техника, 5 МИ-8 тікұшағы, 2 МИ-2 тікұшағы, 1 Еврокоптер, 4 отын құюшы жұмылдырылды. Жағдай толығымен бақылауда. Жергілікті жерлерде орман басқармасының, ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарының техникасы да жұмылдырылды", - деді әкім.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510