Армения мен Әзірбайжан арасы шиеленісті
Армения мен Әзірбайжан шекарасында тағы да қарулы қақтығыс басталды. Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, шекарадағы жағдай шиеленіскен.
«13 қыркүйек күні сағат 00.05-те Әзірбайжан қарулы күштері Горис, Сотк және Жермук қалаларының бағытында қарқынды оқ жаудырды. Қарсылас артиллерия, миномет, пилотсыз ұшақтар мен ірі калибрлі атыс қаруын қолданды»,— делінген хабарламада.
Қақтығыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Қазіргі таңда олардың саны нақтылануда.
Abai.kz