Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4581 0 пікір 11 Қаңтар, 2013 сағат 08:29

Қанипа Бұғыбаева - 70

2012 жылдың 26 желтоқсанында  Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының үлкен сахнасында белгілі ақын, Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығының лауреаты Қанипа Бұғыбаеваның туғанына  70  жыл толуына  арналған  «Ақын деген отты жасын  найзағай»  атты  салтанатты әдеби сазды  еске алу  кеші  болып өтті.

Көпшілік  назарына  «Қанипа-Ғұмыр» атты шағын  деректі фильм ұсынылғаннан кейін, белгілі музыкант Мүсілім Әмзенің дирижерлық жасауымен  Мемлекеттік Академиялық Симфониялық оркестр     ұлы орыс композиторы  П.И. Чайковскийдің  №6 симфониясын  орындап кеш шымылдығын  ашты.

Мұнан кейін Қазақстан Жазушылар Одағы  төрағасының орынбасары ақын Маралтай Райымбек баяндама жасап, естелік  айтып, Қанипаның жанжары  зейнеткер Қанағат Қарашевтің иығына шапан жауып, қызы Ләззатқа камзол кигізді. Өз кезектерінде сөз алған белгілі ақындар   Оразақын Асқар, Надежда Лушникова, Болат Шарахымбай, жазушы Орысбай Әбділда  ж.т.б  танымал  тұлғалар кеш көрігін қыздырды.

Сондай-ақ  әдеби шара  барысында  әйгілі өнер жұлдыздары  Шахизада,

Жеңіс  Ысқақова,  Байғали  Есеналиев, Рымкеш Жұмаділова, тележүргізуші Роза Марат,  иллюзионист Камал Қоңқараев,  әнші  Алтын  Әріппаева  ханым, жас  термеші Данияр  Рахымбаев, Қыздар Педагогикалық университетінің  студенті  Аяулым  Шәймерденова,  және  жас домбырашы Нәзира Қарашева  ж.т.б. өнер көрсетті. Еске алу кешін жүргізген Қанипа Бұғыбаеваның ұлы,  күйші Талап Қараш  анасының  кешін  өткізуге   ат салысқан  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Мұхтар  Өтеуов мырзаға алғысын  айтты.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371