Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4348 0 пікір 11 Қаңтар, 2013 сағат 13:04

Ерлан Қарин. Қырғыз-өзбек шекарасындағы қақтығысқа қазақ қуанбаса керек

Естеріңізде болса, 5-қаңтарда қырғыз-өзбек шекарасында қақтығыс орын алды. Шет аймақты мекендеп отырған бес жүз өзбекстандық тұрғын Баткен шекарашыларына тап берген. Электр желілерін жүргізудегі орынсыз әрекеттері үшін деген желеумен өзбектер Қырғыстанның отыз азаматын тұтқынға алған.

Осы мәселеге байланысты саясаттанушы Ерлан Қаринның пікірін білген едік.

Ерлан КАРИН, саяси сарапшы:

Қырғыз-өзбек шекарасындағы қақтығысқа қазақ қуанбаса керек

Жаңа жылдың алғашқы күндері қырғыз-өзбек шекарасында болған қақтығыс соңғы 3-4 жылдан бері екі елдің шекара бекетіндегі жағдайлардың шиеленісіп тұрғанының тағы бір көрінісі. Тіпті өткен жылғы мамыр айында бір-біріне ашық түрде оқ атысатын жағдайға жетіп, екі жақтан да адам шығыны болды. Жалпы, қырғыз-өзбек арасындағы мұндай текетіреске екі ел арасындағы шекараны анықтау жөніндегі келіссөздің 20 жыл бойына түбегейлі келісілмеуі себеп болуда .  Қырғыз бен Өзбек шекарасының жалпы ұзындығы - 1378 шақырым. Енді екі ел 315 шақырымды немесе 58 участокті бөлісуі керек.  Міне, осы бөлік - ең күрделі бөлік. Өзбектің ойы - Сох алқабын «туған жеріне» қайтару, қырғыздар болса, алқапқа этникалық тазарту жүргізу. Өйткені, Сох алқабында өзбектің 4 анклавы бар.

Аймақтағы ахуал аса күрделі: бұл жолда есірткі тасымалы күшейген, экстермистік топтар да сайран салып жүр, сондықтан шекара қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету керек. Өкініштісі, соны екі жақта ескерер емес. Оның үстіне  жуырда американдықтар Ауғанстаннан кетеді. Таяуда «Халықаралық дағдарыс тобы» (ICG) Орта Азияны 2013 жылғы 10 қақтығыс орталығының бірі ретінде атады. Бұл, әрине, алаңдататын жағдай. Қысқасы, Орталық Азия «саяси турбулентті » аймаққа кірген сияқты, шекара мәселесі соның бір мысалы ғана.    Шындығында, Орталық Азия аймағы өзінің даму беталысы бойынша алдағы 10 жылда үлкен бір күрделі кезеңге аяқ басып келе жатыр. Оның үлкен бір себебі, қалай болғанда да саяси элтиалардың билік ауысы процесі орын алатыны сөзсіз. Сондықтан 2013 жылы Орта Азия аймағы бойынша қақтығыс жылы болады деген болжамға аса сақтықпен қараған жөн. Өйткені шешілмген мәселелердің көптігіне байланысты оның болуы да ықтимал. Дегенмен біз оның болмауына жұмыс жасау керекпіз.

Оның бір мысалы, бүгінгі Қырғызстан мен Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық кикілжің. Қазіргі таңда аталған екі ел арасында ортақ бір құқықтық жүйе болмай отыр. Себебі Қырғыз елі шекара бөлісуде өткен ғасырдың 50-жылдардағы әкімшілік бөлініске сүйенсе, Өзбек жұрты 20- 30-жылдардағы жер бөлінісін негізге алады. Шын мәнісінде мұның бәріне өткен ғасырдағы отаршылдық жүйенің саналы түрде арнайы жасаған қитұрқылықтары «кінәлі». Кеңес одағы кезінде ұлттық республикалардың шекара бөлінсін экономикалық-шаруашалық мақсаттар үшін деген желеумен бір елдің территориясын екінші елге «сыйлай» салу түкке тұрмайтын еді...

Соңғы кездері Орта Азиядағы геосаяси бөлінушілік күшейіп барады. Айталық,  Тәжікстан мен Қырғызстан Ресейдың саяси-әскери ықпалына кіріп бара жатса, Өзбекстан АҚШ-тың ықпалына арқа сүйеуді жөн көреді. Жуырда ғана Ресей тарапы Қырғызстан мен Тәжікстанға 1 миллиард долларлық әскери көмек көрсетеді деген ақпаратты құлағымыз шалып қалды.  Яғни, Орта Азиядағы мемлекеттердің әрқайсысы өздерінің артында тұрған алып мемлекеттердің күшіне сенгендей ымыраға келмейтін позиция танытуда. Негізі, біз, бір аймақта орналасқанбыз. Өкініштісі, ортақ қауіп-қатер болса да 20 жылда басы қосылмаған бес мемлекет енді, міне, түрлі геосаяси лагерлерге кіріп, тағы бір бөлініске ұшырап жатыр.

Асылы Орта Азия мемлекеттері аймақтық жауапкершілікті сезіне отырып, өзара бірлестікті нығайтуға тиіс. Әрине, бұл қазіргі жағдайда мүмкін болмай тұр. Алғышарттар жоқ. Бірақ түбінде бұл мәселені түбегейлі шешпесек, болашақта мемлекетаралық ашық қақтығыстар туылуы мүмкін. Құдайға шүкір, Қазақ елі барлық көршілерімен шекараны анықтауда табанды, бірізді саясат жүргізіп келе жатыр. Дегенмен, шекарадағы жағдай екі мемлекетке байланысты болғандықтан бір жақты тұрақты дей алмаймыз.

Бір қызығы, еліміздегі газеттер мен басқада ақпарат көздері көрші мемлекеттердің ортасында болып жатқан мәселелерді жарыса жазды. Шын мәнісінде аталған елдер Ауғанстан емес, Балқан емес, өзіміздің туыс халықтар еді ғой... Сондықтан қазақ олардың қазіргі жайына қуанбаса керек. Біздің ең басты кемшілігіміз - Орта Азиядағы әр мемлекетте өз алдымызға керемет мемлекет боламыз деген өзімшілдік идея басым. Ал шын мәнінде біз өз алдымызға кереметтей мемлекет бола алмаймыз.   Өйткені біздің болашағымыз - Ресеймен, Қытаймен, Америкамен емес,  ең алдымен өзбек, қырғыз, тәжік, түркпенмен байланысты.

Сондықтан Орта Азия елдерінің ынтымақтасығығн күшейту кезек күттірмейтін мәселе. Мысалы, осы жолғы қырғыз-өзбек шекарасындағы қақтығысқа байланысты аталған елдер мен көрші бауырлас елдердің зиялы қауымы бас қосып, «Ағайын екенімізді ұмытпайық, шешілмейтін мәселе жоқ» дейтін ұстанымға тоқтауымыз керек-ті. Жалпы, туысқан елдер арасында  мәдени-рухани байланыс үзіліп бара жатқан сияқты. Осы бетімізбен кете берсек, 10 жылдан кейінгі келер ұрпақ  бір-біріне жат көзқараста болары анық. Сондықтан Орталық Азиялық тарихи танымды қалыптастыруды да  ұмыт қалдырмау керекпіз. Өйтетіні, біз көбінде «Еуарзиялық форум», т.б. жиын-тойларға әуес боламыз да «Орта Азиялық пікірлесу» назардан тыс қалып жатады.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377