Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2591 0 пікір 14 Қаңтар, 2013 сағат 12:42

“Бодандық одақ” жайылып келедi

Экономикалық бiрлес­тiктiң терiсiн жамылған еуразиялық идеяның қарқыны 2013 жылы шырқау шыңына жететiн түрi бар. Жаңа жыл мейрамынан соң көршiлерi естерiн жия алмай жатқанда Ресей үлкен шабуылға көштi. Оған Украинаны тұсаулағаны дәлел.

Ендi Ресейлiк саяси технологтар тағы бiр қулықты ойлап тапты. Олар Еуразиялық экономикалық одақты құру үшiн Ресей құрамындағы аймақтық құрылымдарды пайдаланбақ. Нақтырақ айтсақ, осы жылдан бастап Ресей аймақтарында еуразиялық интеграцияның үйлес­тiру кеңесi құрылмақ. Ресей­дiң аймақтары дегенiмiз не? Ол Ресейдiң құрамындағы автономиялық республикалар, автономды облыстар, округтер және тағы сол сияқты маңызды географиялық құрылымдар. Осы құрылымдарға үйлестiру кеңесiн тiркестiрiп қоймақ. Ол не үшiн керек? Еуразия идеясын тезiрек iске асыру үшiн, оның құрылуын жеделдету үшiн. Мұны "Единая Россия" партиясының Жоғарғы кеңе­сiнiң мүшесi Юрий Шувалов айтты.

"Петербург Үйлестiру кеңесi - бұл еуразиялық интеграцияның халықтық фазасының үлкен жобасы. Жақын арада бұл тәжiрибенi Приволжье, Орал, Солтүстiк-Қап федералды округiнде дамыту қажет", - дейдi ол.

Оның айтуынша, мұндай үйлестiру кеңесi жалғыз емес, бұған қоса басқа да түрлi комитеттер мен қоғамдық кеңестер белсендi қимыл жасауда. "Болашақта мұндай кеңестер бүкiл Ресейде жұмыс iстейтiн болады. Еуразиялық жобаны iске асыру келесi жылдың ең басты трендiне айналуы керек. Бұл тұрғыда аймақтардың маңызы зор", - деп шегеледi тағы.

Ол коммерциялық емес ұйымдардың ортақ одағы, нақтырақ айтсақ, конфедерациясы құрылады дейдi. Онысы - "Еуразиялық интеграция үшiн!" деп аталады. Бұл үрдiс бiрте-бiрте Қазақстанның облыстарынан бiр-ақ шықпасына ешкiм кепiл бола алмайды.

Д.Әжiбек.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394