Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2784 0 пікір 14 Қаңтар, 2013 сағат 12:48

Отыз екi жылдан кейiн Қызылордасына қайта оралған едi...

Ақын Темiрше Сарыбаев өттi дүниеден. 72 жасқа қараған шағында. Көңiлi дария, пейiлi дархан азамат туған жерi Қызылордада көз жұмды.

2011 жылдың күзiнде Қызылордада Темкеңнiң 70 жылдығы тойланды. Осы тойда ақын "Елге келем", - дедi. "Қашан деп отырсыз, Темке?"... "Келесi жылғы жұмысым сол болсын...".

Қырық жасында Қызылордадан Алматыға көшкен Темiрше Сарыбайұлы 71 жасында Қызылордасына қайта оралды. "Әбдiлда Тәжi­баев қартайған шағында "Сырдың суына аяғымды салып отырсам, арманым жоқ" деушi едi. Бiз де Әбе­кеңнiң күйiн кешiп келiп қалдық. Туған жер, қаумалаған ағайын, өскен орта - жан мен тәннiң дауасы", - деп бiр шалқып-тасып едi жарықтық.

Темкең әуелгiде қала орталығында пәтер жалдап тұрды. Онысы ойдан шыға қоймады, сөйттi де көп ұзамай қала шетiндегi "Ягодка" аталатын саяжайға орнықты. "Құдайдың рахаты! -   дейдi, - есiк алды - дария, қызыл мия мен шеңгелi шеп құрған мекен екен. Бұйыртса, балық пен қырғауылға қарық болайын деп отырмын"... Бұл рахатын Темкең менiмен бiрге бөлiстi. Аптасына, кейде он күн аралатып, барып тұрам. Арагiдiк қонаға қалып, түнiмен әңгiмесiн тыңдаймын.

Мен "Темке, бара жатырмын" дегеннен қармағын қамдап, мылтығын майлап, есiгiнiң алдында күтiп тұрады. "Ақсұлу-әй, қазаныңды көтер! Нағымжанның арқасында ет жеп қалайық!" - дейдi маған көзiн қысып. Түс ауа кетсек, күн бата ораламыз. Бiр аяғы ауырады, бiрақ елемейдi, қырға да шығады, ойға да түседi. "Есiл-дертiм дала, жастайымнан сондаймын. Әкем өмiр­ден ерте озды, тұрмыс тауқы­метi бала кезден балық аулауға, аң-құсқа құмар болуға итермеледi. Мырзабай ахун ауылының ол кездегi табиғаты керемет болатын, айнала көл, қалың тоғай. Нағымжан, әй, қарашы! Сырдың жиегiнде тұрып сұлулығына көз салудан артық қандай бақыт бар", - дейдi сөз арасында.

Темкең жайында замандасы, Сыр елiнiң белгiлi ақыны Әскербек Рахымбекұлы бүй дейдi: "Темiрше махаббатты жырлаудың шыңын бағындырған ақын. "Мазалайды махаббат" кiтабы - осыған дәлел. Аз жазса да, саз жазды Темiрше. Ол ақындар мүшәйрасының арғымағы болды. Қазақ телевизиясындағы айтыс өнерiнiң iргетасын қалаған екеудiң бiрi - Темiрше Сарыбаев!".

Дала кезiп, үйге келгенде бес жас­тағы Шадыман мен екi жастағы Шаттықпен арпалысып жүрген Ақ­сұлу жеңгем қарсы алады. "Әу, балық қайда, қырғауыл қайда?"... Екi жақтан "Ертеңге қалдырдық" деп әзер құтыламыз. Темкең қыздарын құшағына алып, мамыражай күйде домбырасына қол созады...

20 желтоқсанда, аяз бен жел күшiне мiнiп тұрғанда Темкең "Ягодкадан" Қызылорда қаласынан 30 шақырым жердегi Қаракөл ауылына көштi. Қақаған суықта көшу оңай ма, оны-мұнысына қолғабыс ету үшiн Темкеңе бiр топ студенттi аттандырдым. Темкең дән риза: "Нағымжан, әзiрге екi бөлмеге от жағамыз. Бiр бөлме сенiкi, кел де жата бер".

Екi күннен соң қаралы хабар келдi...

Темкең қандай қиындықты да сабырға жеңдiретiн. 4-5 айда үш пәтерге көшу деген егде адам емес, жас жiгiттiң де жүйкесiн жұқартатын жайт. Қызылорда облысының әкiмi Болатбек Қуандықов "жыламаған балаға емшек жоқ" дедi ме, Темкең үй сұрап бармаған соң тырп етпедi, шамасы. Бiлемiз, оның орынбасарларының бiрiне ақын көшiп келмей тұрып кiрiп-шыққаны бар-ды. Ақынның баспана жағына көмектесу ердi құрметтейтiн, өнердi сыйлайтын ерлердiң iсi, әрине. Ондай ерлiк жасамады олар. "Темке, баспана мәселесiн газет бетiне көтерiп көрсек қайтедi?" дегенмiн бiрде. "Айналайын, керегi жоқ, осыған да шүкiр" деп едi ақын. Бүгiнде Жалағаш ауданының әкiмi Серiк Сермағамбетов ақынның жары мен екi сәбиiне қолдан келер бар көмектi жасайтынын айтып отыр. Соған тәубе дедiк.

Нағымжан САУЯЕВ,

Қызылорда облысы

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394