Сенбі, 23 Қараша 2024
Апат 3889 0 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 13:42

Путин "могилизация" жариялады

Ресей президенті Владимир Путин халқына үндеу жариялады. Кеше кешке жариялануы тиіс үндеу, 12 сағат кешігіп, бүгін жарияланып отыр. Кремль үндеудің жай жариялануының басты себебі, Қиыр Шығыс халқы да тыңдасын деген ниетпен дейді. 

Қысқасы Путин сөйледі. Сөйлегенде бүй деді: "Арнайы операция сәтті іске асуда. Неонацистерден азат етілген халық еркін болғысы келеді. Бізбен бірге, қатарласа күн кешуді қалайды. Ол біздің халқымыз, олардың қолын кері қайтармаймыз. Мен жартылай мобилизация жариялауды жөн көрдім" деп көкіді. Айтпақшы, Ресейге кім қауіп төндірсе, біз қатаң жауап беруге дайынбыз деп сес көрсетті.

Путин мобилизация бүгін, 21 қыркүйекте басталатынын жариялады. Путиннен кейін, Ресей қорғаныс министрі Шойгудың сөйлеген сөзі де көрсетілді. Шойгу мобилизация шарасы арқылы 300 мың адамды шақыратынын айтты және Ресейдің әскери шығыны 5937 адам деді. Бұл өтірігіне өзге түгел өздері де сенбеген сияқты.

Сарапшылар Путиннің мобилизация жариялауы шарасыздықтан дейді. Бұл арнайы операция деп айдар таққан агрессиялық әрекетінің тас-талқан болғанының нақты дәлелді. Ал мобилизация арқылы жиналған сарбаздар үлкен шығынға ұшырайды деп болжауда. Бір сөзбен айтқанда мобилизация могилизацияға айналады деп топшылайды.

Батыс пен АҚШ бұл Украинаны қолдауда еш қиындық туындатпайды деп мәлімдеді. Ал ЕО мен Вашингтон Киевті қолдауды арттыру керектігін айтуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404