Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3765 0 пікір 14 Қаңтар, 2013 сағат 13:09

«Сара саңлақ» кітабының тұсаукесер рәсімі

Кітап тұсаукесері 2013 жылдың 14 қаңтары күні сағат 15.00-де Ұлттық Академиялық кітапханада өтеді.

Кітап «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының (Президенті Исламбек Төлеубайұлы Салжанов) демеушілігімен жарыққа шықты.

Бұл жобаның жетекшісі және идея авторы - «Алаш» Халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Шәрбану Бейсенова.

Кітапты әзірлеген редакциялық топтың төрағасы - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынова, редакторлары - ф.ғ.д., профессор Бауыржан Ердембеков және ф.ғ.к., доцент Қарлығаш Сарекенова.

Құрастырушылар:  Шәрбану Бейсенова, Жанат Әскербекқызы.

Қазақ мәдениеті тарихында өшпестей аты қалған, ұлттық өнеріміздің көрнекті тұлғаларының бірі Сара Тастанбекқызының мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін қымбат рухани қазынаға айналды. Ақын Сара есімі сөз сайысында бақ сынасқан  өнерпаздардың пір тұтары болғаны да ақиқат. Бұл жинаққа   ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сондай-ақ өнерпаз қыздың өнері мен өмір жолын арқау еткен мақалалар, естелік әңгімелер, ақын өнеріне бас иген ақындардың өлең-жырлары топтастырылды.

Кітап мұқабасына белгілі суретші, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Камиль муллашевтің «Ақын Сара» портреті пайлаланылды.

Кітап қазақтың көрнекті ақын қызы, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың «Менің Шолпан жұлдызым» атты алғысөзімен басталады.

Тұсакуесер рәсімге ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, белгілі зиялықа уым өкілдері қатысады. Кітап жайлы көрнекті ғалым, ұлт қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Фариза Оңғарсынова, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы ғалым, белгілі қаламгер Сауытбек Абдрахманов, Ұлттық академиялық кітапхана директоры Әлібек Асқаров, т.б. сөз сөйлейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395