Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5066 0 пікір 18 Қаңтар, 2013 сағат 12:08

«Әке серті»

Таяуда «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Туған елдің түтіні» телехикаясы көрсетіле бастады, ал 24 қаңтарда «Әке серті» атты жаңа сериалдың көрсетілімі басталады, деп хабарлады арнаның баспасөз қызметі.

«Қазақстан» РТРК АҚ-ның тапсырысымен, «3 TA Pictures» компаниясы  «Әке серті» деп аталатын телехикая түсірді. Бұл жоба қазақ-түрік мамандарының бірлесіп жасаған алғашқы көркем туындысы болып отыр.  Жобаның  мақсаты - бір жылда жүздеген телехикая түсіріп, біршама жетістіктерге жеткен түрік мамандарымен бірлесе жұмыс жасау  арқылы отандық телеөндіріске жаңаша бір леп қосу. Рөлдерді қазақ  актерлері Сағат Жылгелдиев, Гүлшарат Жұбаева, Мақсат Сәбитов, Гүлшат Тутова, Әсет Иманғалиев, Қадірбек Демесін, Болат Әбділманов т.б.  сомдайды. Түрік мамандары, дәлірек айтқанда, режиссер(Вежихи Енер, сценарий авторы Нуреттин Өзел, бейнеинженер Бурак Каплан, операторлардың Шахин Карашахин, Девкан Фындык жұмысына көрермен өз бағасын бере жатар .

Актерларды тандау барысында қатып қалған қағидалар болған жоқ. Оларды тек кәсіби шеберлігіне қарап іріктеп алды.

«Әке серті» телехикаясы өзге теле туындылардан сюжет желісінің өміршендігі  және көкейкестілігімен ерекшеленеді. Әке мен балалар арасындағы байланыс, жақсы мен жаман, ақ пен қара, қуаныш пен қайғы арасындағы жік пен көзге көрінбес байланыс - мәңгілік тақырып. Телехикаяға Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні тандап алынды. Әнді жаңаша бағытта өндеп, әрлеген Нұрлан Қаражігітов. Ал «Әке туралы жыр» әнін орындаған С. Қаражігітова.

Сонымен қатар, 21 ақпанда «Өмір өткелдері» отандық сериалының тұсауы кесіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406