Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3185 0 пікір 21 Қаңтар, 2013 сағат 09:31

Серік Ерғали. Жаңа әліпби: «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек»

Елбасының стратегиялық жолдауына іліккен әліпби тақырыбын алғашында сүлесоқ қабылдаған бұқара, оның басты саяси бастама екенін енді сезіп, жан-жақты талдау тақырыбына айналдыруда. Баспасөздегі басық (заголовок) біткен әліпбиге қатысты бола бастады. Әсіресе, «ошаққа от үрлеген» жағдай астаналық «Аманат» клубындағы латын әліпбиінің талқылануынан басталды, содан бері бұл қарқын үдемесе, бәсеңдейтін түрі жоқ.

Мұндай үдеріс өткен ғасырдың  90 жылдары да осындай қарқын алған, алайда оның мазмұны мен түрі басқаша еді: әліпби таңдау жөнінде сонау бітіг жазудан бастап кирилшеге дейін ұсынылған қым-қыйғаш кереғар пайымға толы болса - кәзір бұл жайт бір арнаға тоғыса бастады,негізгі талқы латыншаға бұрылды; бұрын жалғыз-жарым бастамашылар құлаш-құлаш мақала жазса, енді БАҚтардың түрлі форматтарында ұжымдасқан, аталмыш мәселеде белгілі бір айтары бар топтар әңгіме арқауын қолға алып жүр. Бұл да аталмыш мәселені қолға алудағы алға басқандығымыз.Алайда, әзір ресми кірісу басталған жоқ.

Десек те, бұл жолғы әңгіме де, «ән» де өзгерек. Бұл жолы аталмыш мәселеге шынайы шешім мен кірісім күтіп тұрғандығын үдеріске қатысушы барлық тарап та мойындауда. Бұрынғыдай алып-қашпа не арандату мейлінше аз. Әркім де сауатты, салауатты сөйлеуге тырысып бағуда. Бірақ та байқалған жайттарды ортаға салу арқылы салиқалы ұлттық жобаға жаңа үдеріс пен қарқын берілсе деген тілек басым.

Дегенмен, бұл бастама - уақыт жағынан біршама кешіккенмен, бірақ саяси жағынан өз мерзімінде қолға алынып отырған шара. Жаңаотарлық саясат басын көтеріп, жалпытүркілік  бірігіс енді қолға алынып, Қазақстанның геосаяси орны сапаға айнала бастаған тұспен сәйкес келуде. Әсіресе, бұрын ұлттық мазмұндағы саяси шешімдер қолға алынбай келсе, енді елдің геосаяси қадамдары бұлай қарай амалсыз мойын бұрғыза бастады: ЭКСПО-2017 науқанына ескірген әрі орыс-қазақ ортақ әліпбимен кірісу жаңа мемлекеттің инновациялық бастамасымен қалай болғанда да сәйкеспейтін шаруа еді.

«Аманат» клубында аталмыш мәселе бойынша арнайы топ тағы бас қосты. Сонда қазақстандық саясаттанушы, дінтанушы, түрколог, «орысрулы» жігіт, Тимур Козырев аталмыш мәселенің саяси астарын барынша ашып бергені бар. Оның бұл әрекеті қазақстандық жаңа отаншылдар тобының шыға бастағанын және оның азаматтың шыққан тегіне емес, пайымы мен танымына қатысты екенін көрсетті: Тимур жаңа әліпбидің Қазақстан үшін ұтымды саясат көзі екенін таптұйнақтай дәйектермен айтып берді.

Дегенмен, жаңа әліпби мәселесінің саяси қырынан өзге ең басты сыйпаты - оның лингвистикалық қажеттіліктен туып отырған табиғи шешім екендігі әлі талай айтылып, көзіміз жететін болады. Алайда, бұл мәселені ұлт лидерінің (бұны біреу мойындар, біреу мойындамас) нақты қойғаны сондай, ұлттық элита да өзінің ішкі дайындығының жоқтығын байқатып алғандай. Тіпті, бұрынғы бітпес әңгіменің бірі ғой дегендердің мол болуы да соның айғағы. Алайда, мәселе бұлай ойлаудан гөрі барынша байсалды - ұлтқа жаңа ойлау жүйесінің тетігі мен көрінісі керек. Қазақ ұлтына өзіне өзі сенім үстейтін іргелі іс керек еді. Бұл - осы жаңа әліпби әрекеті болмақ.

Бұған дейін біткен істің бірі - астана көшіру болса, ол Н. Назарбаевтың жекедара бастамасы мен күш-жігері екенін жоққа шығара алмаймыз. Ал, жаңа әліпби бір адамның не бірнеше адамның жауапкерлігіне негізделмейді, жалпыұлттық құлшыныс пен тізе қосу арқылы бітетін шаруа болғалы тұр. Әліпби ауыстыру - нәтижесі мен ауқымы жағынан астана ауыстырудан әлдеқайда маңызды, мейлінше өзекті әрі барынша ауқымды болатын түрі бар. Қаласақ та, қаламасақ та бұған әлемдегі 15 миллион қазақсойлы адамнан өзге қазақстандықтар қамтылатыны сөзсіз. Тіпті, бұған бүкіл қыпшақтекті жұрттың тақым қысарына күмән жоқ. Ендеше бұл ауқымды да тарихи жауапты іске қалай кіріскеніміз жөн? Бар мәселе сонда болып тұр.

Әзірге бұл шаруаны енді құрылмақшы мемлекеттік комиссия қолға алмақ, бұл ресми билік тарапынан шыққан уәж. Алайда, бізде қалыптасқан мұндай комиссияларға кімдер кіретіні белгілі: депутаттар, министрлер,қоғам қайраткерлері, т.т. қысқасы аталмыш мәселеде тек қана «тойшыл генералдың» рөлін атқарушы элита. Бұл жағдайдың қандай да бір ыждағатты шешім қабылдап, оның дұрыс үдеріске айналарына үлкен күмән бар.

Сол себепті, аталмыш мәселені қолға алуда мына жайтты ескерген мақұл болар. Жаңа әліпби үдерісіне барынша жұмыстық сыйпат беруге кедергі болатын саяси тұлғалар мен саяси көріністерді мейлінше шектеу  ғана нақты нәтижеге жетелейтіні ескерілсе. Сондықтан жұмысты мемкомиссия құрудан бастап емес, үкіметтік жұмыс тобын құрудан бастаған жөн. Бұл топ мәселені ғылыми-практикалық жағынан тыңғылықты қолға алатын және үйлестіре білетін, ұйымдастыруға қабылетті сауатты менеджерлер мен ғылыми топтан құрылғаны нұр үстіне нұр.

Аталмыш үкіметтік топ барлық қара жұмысты атқара отырып, шешім қабылдауға тақалғанда ғана әлгі саяси орган - мемкомиссия құрылғаны жөн және ол шешім қабылдау мен атқару мерзімін тағайындап, сол үдерісті бақылауды ғана қолға алмақ.

Істі неден бастаған жөн? Біздің ойымызша, болашақ жаңа әліпбидің сыйпаты мен тұлғасына қояр талаптарды  жүйелеген Тұжырымдаманы қолға алудан бастау қажет. Аталмыш саяси құжат жаңа әліпбидің басты жолашары болар еді. Оған жаңа әліпбиді қолға алудағы саяси кірісімдер мен қалыптасқан ақуал ашылып, тілдік қажеттіліктер мен социолингвистикалық пайымдар барынша жүйелі келтірілгені дұрыс. Одан әрі осы Тұжырымдаманың негізінде қажетті нормативтік құжаттар мен нақты тілдік ресурстарды әзірлеу қолға алынбақ.

Әзірге жүйесіз болса да, бұқара тарапынан түрлі бастамалар мен іс-әрекеттер қолға алынуда, бұлар осы мәселенің айналасындағы ғылыми топ пен құзырлы жандардың жындарына тиіп, қызғаныш тудырғанмен, аталмыш жайтты бұқаралық құлшыныс ретінде оңды бағалауымыз қажет. Мәселе - соны үйлестіре білуде, тұқыртуда емес.

Қазақ тілінің жаңа әліпбиге ауысуы жай ғана бір халықтың қарып өзгертуі емес, қазақ тілінің шын мәніндегі тәуелсіздену жолына түсіп, орыс тілінің «қамқорлығынан» босауы ғана емес,  жалпытүркілік әлемнің жартысы саналатын қыпшақ тілді жұрттың жаңа жазуға көшуімен сыйпатталады. Бұдан кейін барлық қыпшақтектілер осы қазақ әліпбиі негізінде өз жазуларын қайта қарауды күн тәртібіне қоя бастайтыны анық. Әрине, Өзбекстан құрамындағы қарақалпақтардың қыпшақтар арасында латынға бірінші көшкені анық, алайда ол үдеріс соншалықты байқаулы әрі ауқымды дей алмаймыз. Осы ретте, бұған барынша байсалды қарап отырған қырғыз бауырлармен  біріге кірісу де барынша пайдалы болар еді.Бір ғана себеп: бүгінгі қырғыз кирилшесі қазақ кирилшесінен қырғыз тілін таза жазуға, үндестік заңын сақтауға анағұрлым қабылетті екені байқалады, қазақ тіліне тән қайшылықты емле ережелері мейлінше аз. Тілдік бірігу үдерісін әліпбиден бастамау - бұл саланы аяқасты ету екенін ескергеніміз әбден дұрыс.

Қорыта келе, біздің айтқымыз келгені - жаңа әліпбиді қолға алу -әуесқойлық пен дақпырттан ада болып, мейлінше ұтымды да нәтижелі істерге негізделсе екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375