Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4111 0 пікір 22 Қаңтар, 2013 сағат 08:15

Жүсіп Иманхан. Ұлт мақтаныштарын ұлықтаған арна

«Ерім дейтін ел болмаса,

Елім дейтін ер қайдан тусын»

Ахмет Байтұрсынұлы

Теледидар. Кәдімгі әр үйдің төрінде тұрған түрлі түсті теледидар. Осы теледидардың «атасы» екі-ақ түсті  - ақ және қара түсті теледидар архаизмге айналды. Алайда, қазақ телеарналарының төңірегіндегі басылым беттерін көрген жарияланымдарды шолып отырсаң, қазақ қоғамының көп бөлігінің көзқарасы мен пікірі, тіпті санасы әлі де болса, баяғы ескі теледидардың түсі сияқты ақ пен қара түсті қана көретін қалыпта екенін аңғарасың. Бірақ, байқасаңыз, теледидар әр бояуды қанық беретін түрлі түсті теледидарға айналған. Демек, мәселе көрермен санасындағы телетанымда. Ақ және қара түсті қана ажырататын, телеөнімдерді де осы екі жікке бөліп қарайтын көрерменнің бабын табу қиын болатыны түсінікті. Кейінгі кездердегі жиі сынға ұшырап жатқан телеөнімдердің тағдырын ойлағанда жоғарыдай ойға еріксіз табан тірейсің.

«Ерім дейтін ел болмаса,

Елім дейтін ер қайдан тусын»

Ахмет Байтұрсынұлы

Теледидар. Кәдімгі әр үйдің төрінде тұрған түрлі түсті теледидар. Осы теледидардың «атасы» екі-ақ түсті  - ақ және қара түсті теледидар архаизмге айналды. Алайда, қазақ телеарналарының төңірегіндегі басылым беттерін көрген жарияланымдарды шолып отырсаң, қазақ қоғамының көп бөлігінің көзқарасы мен пікірі, тіпті санасы әлі де болса, баяғы ескі теледидардың түсі сияқты ақ пен қара түсті қана көретін қалыпта екенін аңғарасың. Бірақ, байқасаңыз, теледидар әр бояуды қанық беретін түрлі түсті теледидарға айналған. Демек, мәселе көрермен санасындағы телетанымда. Ақ және қара түсті қана ажырататын, телеөнімдерді де осы екі жікке бөліп қарайтын көрерменнің бабын табу қиын болатыны түсінікті. Кейінгі кездердегі жиі сынға ұшырап жатқан телеөнімдердің тағдырын ойлағанда жоғарыдай ойға еріксіз табан тірейсің.

Қазақ телеарналары туралы қалқыма пікірлердің жетегінде кеткеніміз сонша, қазақ арналарының танымдық, тәрбиелік, мазмұндық, елшілдік, мемлекетшілдік бағыттағы жасап жатқан жұмыстарын елең қылмайтын болдық. Мұндай бағдарламалардың мазмұнына үңілгеннен гөрі, қазақ телеарналары жөніндегі даурықпа сөзге елігіп, қоса шапқанды жөн көретін сияқтымыз. Әйтпесе, Алаш жұртының көрермендік сұранысын ұлттық телеөніммен қадари-қалінше толтырып келе жатқан қазақ телеарналары екені анық.

Деседе, «тоғыз қызым бір төбе, Кенжекейім бір төбе» дегендей, арналардың атасы - «Қазақстан» ұлттық арнасы екені қазақ телевизиясы тарихынан хабары бар жанға жаңалық емес. Ұлттық арнаның «Қазақстан» деп мемлекеттің атымен аталуының өзінде білген адамға зор мағына, үлкен жауапкершілік пен тарихи сабақтастық жатыр. Тарихи сабақтастықты ойлағанда, «Қазақ» газетінің алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының мына бір сөзге ойға оралады: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымызды аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік». Міне, сол ұлт үшін деген істің ұзақ жолындағы бүгінгі қазаққа қызмет етудің жалғасын Ұлттық арна атқарып отыр. Тарихи сабақтастық пен Ахаңдай ұлтының мақтанышына айналған аяулы арыс азаматтың аманатын арқалаған «Қазақстан» ұлттық арнасы, кім не деседе азат ұлттың айнасы.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін, «Қазақстан» ұлттық арнасының мақсат-мұратымен толық үндесетін әрі біз әлгінде айтып өткен танымдық, тәрбиелік, мазмұндық, елшілдік, мемлекетшілдік талаптардың үддесінен көрінген «Ұлт мақтаныштары - Ұлттық арнада» деп аталатын бағдарламасына тоқталайық. Бұл бағдарламаны телеарнаның өзгеде өнімдерінен бөлектеп алуымыздың мәні бар. Мәні - аталған бағдарлама өз бойына тұтас ұлттың және мемлекеттің келбетін көрсететін дүниелерді жинақтап, бүгінгі қазақ мемлекеті мен қоғамының қазығына айналған қадау-қадау тұлғалар арқылы ұлттың шын бейнесін қазақ айнасынан көрсетті.

29-ншы желтоқсан күні, жаңа жыл қарсаңында эфирге шыққан «Ұлт мақтаныштары - Ұлттық арнада» бағдарламасының беташары - жазушы Төлен Әбдік пен жазушы Әкім Ысқақтың салиқалы әңгімесінен басталды. Қос қаламгердің әңгімесі біз секілді қарапайым көрермен үшін жаңалық болды. Өзгені қайдам, өз басым Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» дейтін кітабының алғашқы басылымы қараша айында қолыма түсіп, бас алмай оқып шыққан едім. Ал, бағдарламада жүргізушінің «Парасат майданы» шығармасындағы бас кейіпкердің айтыс, тартысқа толы адамзат баласы үшін өзекті сауалдарға жауап іздейтін хаттарының қайсысын қолдайтыны туралы сауалы ойымды дөп басты. Сол сияқты Әкім ағамыздың есімі жайлы өз аузынан естіген әңгіменің де әсері күшті әрі қызықты болды.

Бағдарламаны көз алмай қаратқан нәрсе ол - әр саладағы еңбегімен елге қызмет еткен тұлғалардың баршасын бір бағдарламадан көріп, түрлі сарындағы әңгімелерін тыңдау болса, оның үстіне бірыңғай патриоттық әндердермен өріліп отырған бағдарламаның ден бойы адам бойында ұлттық мақтаныш сезімін оятып,  әр саланың қазығына айналған қадау-қадау тұрлаулы тұлғалары бар, ұрпақтарының сабақтастығы үзілмеген елдің өкілі екеніңді сезіндіріп еңсеңді тіктейді екен.

Мәселен, тарихшы Хангелді Әбжановтың елі ерім деп мақтанатын Қаныш Сәтпаевтың кісілігінде, елге қызметінде үлгі тұтатынын айтқанының астарында әр қазақ баласы Қаныштай азамат болса деген ізгі ниетінің жатқаныны айтпай-ақ аңғаруға болады. Әне, сол Қанышты мақтан еткен Хангелді мырзаның өзі де бүгіндері елдің елеулісі. Меніңше, телеарнаның тәрбиесі дегеніңіздің бір қыры -  осы. Сондай-ақ, көк туды көкке көтеріп, елдің рухын асқақтатқан спортшылардың әңгімесі де Олимпиада чемпиондарына еліктеген талай жасөспірімдерге әсерсіз болмағаны сөзсіз. Бағдарламаны отбасымызбен отырып көргендіктен бұл сөзімізге дәлелді алыстан іздеп әуре болмадық.

Егер біз бағдарламаның әрбір қонағына тоқталар болсақ, әңгіме ұзаққа созылатыны сөзсіз. Бірер мысалмен көрермен ретіндегі көзқарасымызды жеткізуге тырыстық.

Біздіңше, «Ұлт мақтаныштары - ұлттық арнада» бағдарламасының артықшылығы мынада: біріншіден, кейінгі жылдары арналардан көп жағдайда елі ерім деп мақтанатын азаматтарды тек олардың шығармашылық кештерін, мерейтойларын мен белгілі бір тақырыпқа қатысты сұхбаттарын ғана көріп келсек, аталған бағдарламадан олардың тұтас бір шоғыры мен қаумаласа отырып айтқан, бұған дейін естімеген қызғылықты әңгімелерін естіп, көріп отырған тұлғалардың көңілге ұялаған бейнесін, «Көк тудың желбірегені» секілді қуаныш пен мақтаныштан көзіңе жас ұялататын әндермен өрнектеле келіп, бағдарлама аяқталғанша көрермен бойындағы елшілдік сезім аурасын қалғытпай ұстап тұруы.

Екіншіден,  бағдарлама - өз тұрғысынан елдің мәдениеті, ғылымы, спорты, әдебиетіне үлес қосқан, сөйтіп, ұлттың нығаюына септігін тигізген адамдардың бір бөлік галереясын жасап шықты. Ұлттық арна басшылары бағдарламаны жалғасты жасаса, онда көрермен ертең ұлттың ұлы тұлғаларына айналар азаматтардың біртұтас галереясын құрап шығар еді.

Үшіншіден, бағдарламаның мазмұндық жағына баса мән берілгені көрініп тұр. Қонақтардың әңгімесін айтпағанда, бағдарлама шымылдығын жазушылардың ашуының өзінде сыр жатыр. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде өнерді бес тарауға бөліп қарастырып, соның ішіндегі сөз өнері яғни, әдебиет алдыңғы төрт өнердің қызметін атқара алады деп әдебиетті ерекше өнер деп көрсетеді: «Қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгірет болсын, қандай әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді», дейді Ахаң. Міне, «Ұлт мақтаныштары - Ұлттық арнада» бағдарламасының беташарының қос қаламгермен ашылуының сыры, біздің байқауымызда осында жатыр. Бағдарламаның мазмұндық салмағы осы бір деталдан-ақ көрініп тұр.

Түйіндей келгенде, Ұлт мақтаныштарын ұлықтаған ұлттық арнаның ел алдындағы қызметінің көрінісі, төл арнаны бағалай білгенге біз сөз еткен бір бағдарламадан-ақ анық аңдалып тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373