Сенбі, 23 Қараша 2024
2182 1 пікір 11 Қазан, 2022 сағат 10:24

Қырғыз-өзбек шекарасын шегендеді

Қырғыз парламентінің халықаралық істер жөніндегі комитеті Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар учаскелерді делимитациялау жөніндегі заң жобасын қолдап дауыс берген. Бұл жөнінде комитет төрағасы Чингиз Айдарбеков хабарлады.

Заң жобасымен Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев таныстырған. Оның сөзінше, Кемпир-абад су қоймасының 19 мың гектар жері қырғыз тарапына, 4 мың 485 гектар жері өзбек тарапына өтеді. Ал су қойманы екі елдің бірлескен кәсіпорны басқарады. Ташиевтің сөзінше, бұл келісімге сәйкес, қырғыз жері 15 мың 806 гектар жерге кеңейеді.

Заң жобасының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады. Кемпир-абад су қоймасы қырғыз-өзбек шекарасындағы ең даулы жер. Су қоймасы үшін екі елдің тұрғындары жиі дауласып қалады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435