Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 6222 0 пікір 25 Қаңтар, 2013 сағат 08:34

Сөздің шыны керек: 5 мың Қытай Қазақстан азаматы

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

«Егеменді елміз» дейміз,  алайда,  байлығымыздың біраз бөлігін басқалар басыбайлы алып қойған. Қорқыныштысы да сол - қытай қожайын болған кәсіпорын көп.  «Тәуелсіз елміз», дейміз. Бірақ қытай тауарына тәуелді боп қалғалы қашан. «Бодандықтан босағанбыз» дейміз, бірақ «Чайнаның»  шырмауына шатылып барамыз. Аждаһа зәһарын шашпасын дейік, әйтпесе уытын қалай қайтарамыз?

Жері мен жұмысы тапшы миллиардтар елінен  келгендердің қатары жиырма жылда 300 мыңға жеткен. Тәуелсіздік алғалы бері, олардың бес мыңы Қазақстан азаматы атанып та үлгерді. Яғни, бұл  көршінің баласы - күйеу балаға, атасы - құдамызға, немересі жиенімізге айналып барады деген сөз.

Және олар өздерінің ұрпақ таратқысы, дәл осы елде өніп-өскісі келетін ойларын жасырмайды да. Мәселен,  «Азия газ құбыры» компаниясының қызметкері Шау донг Хайдың, қазақтан әйел алса, балаларының хас сұлу болатынына күмәні жоқ.

«Азия газ құбыры» компаниясының қызметкері;

- Менің арманым сұлу бір қазақ қызына үйлену. Тілді білмей жатса үйретіп аламын.

«Қазақтың тілін үйренемін» демейді, Қазақстанда тұрып, «үйретемін» - дейді, өз тілін. Өйткені, мұнда мемлекеттік тілді білу - міндетті емес деп біледі.  Мәселен, кез келген қытайлық компанияда, қытайша білсең болды, тіпті орыс тілінің де қажеті жоқ. Біздің елге келгеніне 3 жыл болған Хон чи, бір ауыз қазақша білмесе де, білікті маман мұнда.

«Азия газ құбыры» компаниясының қызметкері:

-Мен орысша да, қазақша да сөйлемеймін, керегі де жоқ, басшылықтың барлығы өзіміздің қытайлар. Олармен қытайша, қазақтармен ағылшынша сөйлесемін.

Хончи секілді қытай көп біздің елде, бір ауыз бұл елдің тілін білмесе де, төрт құбыласы тең жүретін. Тіпті, әлгінде өзі айтқан, қазақтан әйел алғысы келсе де, тіл білмейтін бойжеткенмен тіл табысуға кедергі жоқ. Өйткені, біздің жастардың дені - өз тілін білмесе де, өзге тілді меңгеруге құмар. Кезінде студенттер ағылшын тілін меңгеріп, алты мұхиттың ар жағына аттануға әуес болса, бүгінгі жас қиыннан қиысқан иероглифтерді игеріп жүр.

ӘЙГЕРІМ, Шығыстану факультетінің 4 курс студенті:

-Мен ағылшын тілін, француз тілін білемін, енді осы қытай тілін үйрену мен үшін өте маңызды. Сол үшін Қытайға келесі жылы барамын.

Сондай-ақ, біздің елдегі оқу ақысының арзандығы да көрші елден келген студенттердің басынан сипап-ақ тұр. Оған қоса, күн сайын саны артып келе жатқан қытай компаниялары тағы бар. Яғни осында оқыған жастарын жұмыссыз қалдырмайды деген сөз.

СУН СИЕ УЭЙ, Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті:

-Қазақстанда қытай компаниялар жеткілікті, оқу бітіре сала солардың біріне жұмысқа орналасамын. Егер мүмкіндік болса, 3 жылға дейін тәжірибе жинауға бел буып тұрмын.

Отанына оралғысы келмейтін қытайлықтарды біздің елге байлайтын тағы бір жағдай - тамаша табиғатымыздың таза ауасы.  Бүкіл әлемді тұрмыстық заттармен қамтамасыз ететін Қытай, экологиясын баяғыда бұзып қойған.

ЖИА ХУА ИНГ, Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті:

-Менің туған жерім нағыз индустриалдық мекенде орналасқан. Сондықтан тыныс алатын ауасы тұншықтырып жібереді, ал мұнда тынысым кеңейіп, рахат дем аламын.

Ал, Қытайда туып өсіп, балаларының барлығы сол өңірде өмір сүріп жатқан Айткен аға айтқан ақиқат міне. Ол кісі халық арасында жиі айтылатын, «Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінеді» деген пікірді растап отыр.  Аспанасты елінің  жан дүниесін бес саусактай жатқа білетін оралман, оларда ұлттық сана сезімнің жоқтығын айтып, тіпті, пайда тапқан жерінде өмір бойы табан тіреуге әрекет жасайды, дейді.

АЙТКЕН БӘКЕТАЙҰЛЫ, ОРАЛМАН:

-Олар ұлтқа қарамайды, тек қана пайда тапса болғаны, мен қытаймын қытайға кетемін демейді.

Бұл - қытайдың ұлы, өзге елде сұлтан болуға намыстанбайды деген сөз. Ал, отаны үшін, отқа түспейтін, тиын тапқан жерінде табан тіреп, тұрақтап қалатын, намыссыз баласы бар  халықтан асқан қауіп жоқ. Бұл шындықты әлдеқашан түсініп қойған басқа елдер, қысық көзді халыққа қақпасын ашпайтын әдет тапқан.

Өздерінен өзгелердің үркетінін Ресми Бейжің де мойындап қойған.  Сондықтан да халқының қамы үшін, есік-терезесі ашық елдерді аңдып жүргені. Ал, біздің ел аждаһадай айбары бар аспан асты еліне, о баста есігімізді айқара ашқанбыз.

ЖАНИЯ ӨСЕРҚҰЛ, Тілші:

-Біз шекараны бекіткенімізбен, біздің арамызға олар әлдеқашан кіріп алған. Компанияларда, мейрамханаларда өз тілінде сөйлеп, тіпті қарапайым жұмысшыларының өзі Қытайдан келгендер.

Мұндай, мемлекеттік тілді білу - міндетім деп санамайтындардың қатары қаптап тұр -  бір ғана Алматының өзінде. Бірге санайық:

АЛМАТЫда:

100-ге жуық қытай кафесі,

270 бірлескен кәсіпорын,

2 банк,

48 жанармай құю бекеті,

бір Мәдениет орталығы,

Конфуций институты,

Ялянь сауда орталығы.

Журналист Жәния Өсерқұл

31 канал

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019