Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 3030 1 пікір 12 Қазан, 2022 сағат 13:40

Ақ үй Киевтің әуе қорғанысын нығайтпақ

Вашингтон Киевке қазіргі заманғы әуе қорғанысы жүйесін береді. Бұл жөнінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөзйлескенде АҚШ президенті Джо Байден айтты деп хабарлайды Ақ үй.

Байден дүйсенбі күні Украина жерін зымыранмен жаппай атқылаған Ресейді айыптап, Киев қорғанысына мұнан кейін де көмектесуге уәде берген. АҚШ президенті Украина жеріндегі әрекеті үшін Ресейді жауапкершілікке тарту жөнінде одақтастарымен үнемі пікірлесіп отырғанын атап өткен.

Зеленский Байденмен әңгімеде негізгі тақырып Украинаға әуе қорғанысы жүйесін жеткізу туралы болғанын айтты. "Біздің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыздың нөмірі бірінші мәселесі осы ", - деп жазды Зеленский телеграм-арнасында.

Ресей Украинаға басып кіргелі АҚШ Киевке көмекке 17 миллиард доллар қаржы бөліп, Мәскеуге мейлінше кең ауқымды санкция салған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 273
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 292
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 368