Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3417 0 пікір 25 Қаңтар, 2013 сағат 07:32

ОҚО: Дауылдан қираған нысандар қалпына келтірілді

Созақ пен Сарыағаш аудандарында болған апатқа 15 күн болды. Оңтүстіктің халқы тағы бір қиын жағдайды басынан өткізіп отыр. Осы аймақта 27 оғланымыздан айрылғанымызға көп болған жоқ. Тікұшақтың құлауы, ұлтымызға үлкен қасірет әкелді. Қабырғамызды қайыстырды. Қалың қазақ қара жамылды. Ұлт болып қайғырдық. Ел болып жыладық. Бір - бірімізді жұбаттық. Бір - бірімізге рухани қолдау көрсеттік. Материалдық көмек мемлекеттік «масштабта» жасалды. Әрбір ел азаматы сырт қалмады. Елдігімізді көрсеттік.

Енді міне, екі аудандағы алапат. Айдың - күннің аманында оңтүстік халқын әбігерге салып қойды. Әйтеуір, ағайын - туыс тегіс аман. Адам шығыны жоқ. Қуанамыз. Шүкіршілік етеміз. «Әр қазақ менің жалғызым». Үй құласа да, ұлттың еңсесі құламады. Мал жоғалса да, қазақ жанын жоғалтпады. Ең бастысы осы. Қалған шығындар қалпына келтіріледі. Дұрыс түсінейік. Ешкім апатты сұрап, топан суды тілеп алған жоқ. Апат айтып келмеді. Табиғи катакализм қиратқан. Әлдебіреулер «алдын алуға болар еді»- деді. Атқарушы билікке тас атқандар да болды. Таяқтың бір ұшы әкімге де тиді. Сын айтушылар аймақ басшысынан бастайды. «Жылда қайталанатын жағдай» - дейді жұрт. Дежавю. Қайталанды бұл оқиға. «Былтырғы Ордабасыдан дұрыс сабақ алмадық» - деп назданады кейбіреулер.

Жеке өз басым, облыс әкімінің жедел шешім қабылдап, тиімді ұйымдастырушылық іс әрекеттеріне риза болдым. Еңбек демалысынан мерзімінен бұрын шығып, апат болған жерлерге өзі барып, жағдаймен танысып, халықпен тілдесіп, құлаған ұйлерге кіріп, түсіндіріп, ешкімді ескерусіз қалдырмайтынын айтып, заңды жолмен мемлекет тарапынан барлық көмектің болатынын нық айтты. Нақты айтты. Құжаты бар құлаған үй мемлекеттің көмегімен тұрғызылады. Құжаты жоқ үй, қалың бұқараның қолдауымен қорға түскен қаражаттың есебінен ескеріледі. Мемлекет қорадағы қара малынан айрылғандарға да қарайласады. Бітті. Қысқа да нұсқа. Әкімнің өз сөзі. Аймақ басшысының аузынан шыққан сөз атылған оқ деп түсініңіз. Аудан әкімдеріне ұрысып та, ұғындырып та тапсырма берді. Қоғамдық қор мен қоғамдық коммисия құрылды. Қыруар қаражат жинап, зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек те жеткізілді. Қысқасы, облыс әкімі бұл мәселені толық өз бақылауында ұстап, тиісті шараларды қолға алып жатыр. Іскерлігін, мемлекетшілдігін байқадық Асқар Исабекұлының. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қазақ. Әкім болған соң, осының бәрін ұйымдастыру тікелей міндеті Мырзахметов мырзаның. Бес саусақ бірдей емес. Халық қиналғанда, қасынан табылмайтын әкімсымақтар да жетеді. PR жасап, жағдайды пайдаланып саяси ұпай жинауға да ұмтылмады. Республикалық телеарналардан жылт-жылт көрініп. Ал ол олай жасамады. Көп сөйлемеді. Нақты іске кірісті. Сөздің емес, істің адамы екенін дәлелдеді. Ашығын айтайық. Мақсат, Мырзахметов мырзаны мақтау - мадақтау емес. Асқар әкемге адвокат болуға құлшынбаймыз. Көзбен көргенді айттық.

2012 жылдың қорытындысы бойынша әкімдер рейтенгісінде Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы үздік үштіктің қатарында. Халықшыл еңбектерінің арқасында танымалдылығы да, беделі де, ықпалы да өсіп келеді. Саяси менеджер, мықты, тиімді басқарушы ретінде өзін мойындатты. Саяси калибрі, басқару стилі өзгелерден бөлек. Мемлекеттік мүдде тұрғысынан жасап жатқан істерінің арқасында ел басының да, халықтың да сенімін ақтап жүр. Біздің айтар Асқар Мырзахметовтей мемлекетшіл, алашшыл азаматтар көп болғай!

P.S. Кеше, Созақ және Сарыағаш апаттарына байланысты Асқар Мырзахметов арнайы жұртты жинады. Журналистер де бар арасында. «Апаттан зардап шеккен 1949 жеке тұрғын үй, 42 әлеуметтік нысан толық мемлекеттің есебінен қайта қалпына келтірілді» - деді. Бір аптаның ішінде. Елбасының тапсырмасын өз уақытында орындады. Сөйтіп облыс әкімі елге берген уәдесінде тұрды. Артық сөздің қажеті жоқ шығар.

Азат Ұлан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019