Әміржан Қосанов. ӨСУ мен ӨШУ өлшемі
БАҚ: «Нұр-отан» ауылдық округтер әкімдерінің есебін қабылдайды». Бір партияның алдында емес, округ тұрғындары алдында есеп берулеріңіз керек, мырзалар!
***
Егер де EXPO болмағанда, біздің билік бәрібір дәл осындай даңғазалық іс-шараны тауып алар еді! Өйткені осылайша, халықаралық деңгейде улап-шулап, елді дүрліктіріп, сән-салтанат өткізу - бізде дәстүрге айналып бара жатыр. Басқа елдер дағдарыстың алдында тәубасына келіп, етек-жеңін жинап, мемлекеттік қаржыны мейлінше үнемдеу саясатына көшіп жатқанда, біздің билік қана қолда бар ақшаны оңды-солды шашып, той-томалақшыл боп барады.
Ең сорақысы әрі ең қынжылтатыны - осы!
***
«ЭКСПО-2017» - елбасының өзі батасын беріп, елдің таяудағы ең басты шаруасы мәртебесіне ие болған таза саяси жоба. Күнделікті баспасөзге қарап отырсаңыз, «ЭКСПО-2017» ендігі жерде біздің ұлттық идеяға айналып бара жатқан секілді!
Президентке тікелей қатысы болғандықтан, әрбір шенеунік не олигарх ендігі жерде бұл көрмеден тыс қала алмайды да, өзінің шама-шарқынша бастамалар көтеріп, елбасының көзіне түскісі кеп, әлектенетіні хақ. Өз басым ертең «ЭКСПО-2017»-ге арналып поэмалар мен одалар, романдар мен повестер жазылып жатса, аса таң қала қоймаспын! Құлақ үйренді ғой ондайларға. Яғни, «ЭКСПО»-ны қолдамағаның - билікті қолдамағаның» боп шыға келеді!

Екіншіден, осы көрмеге 2,5 миллиард доллардай қаржы жұмсалады деп о баста айтылды. Осыншама ақша - кейбіреулер үшін ең басты стимул! Қазір ел ішінде тараған әңгімеге сенсек, мемлекеттік қаржы жұмсалған кезде оның 30 пайызы «откат» ретінде шенеуніктердің қалтасына түседі екен. Осы есепке жүгінсек, шамамен 500 миллион доллар (!) талан-таражға түсіп, бүгінгі жарлы бастық ертең аяқ астынан байып шыға келеді!
***
Биліктегі соңғы өзгерістерге қатысты бірер ой.
Үкімет пен облыс, аудан әкімдері бар. Үкіметте аймақтармен жұмысты үйлестіретін тиісті басқармалар бар. Осылардың жұмысын қайталайтын дербес министрлік құрудың қажеті шамалы. Қаржыны қашан үнемді жұмсай бастаймыз?!
Кеше ғана құрылған Үкімет құрылымы аяқ астынан өзгеріске ұшырап жатыр. Тұрақты саяси жүйеде ондай нәрсе болмауы тиіс. Мұның өзі президент маңайындағы топтардың күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан тартысының бір ғана көрінісі деп біліңіз. Жалпы мемлекеттік жүйені қалыптастыру саласында осындай жоспарсыз түрде белден басу - өте қауіпті тенденция.
Журналист болғасын айтайын: біздің кәсіби министрлікті қорлап бітті Ақорда! Атын қалай болса солай өзгерте салады, кәсіби мерекенің де қадірін кетіріп болды. Ендігі жерде орын табылмай қалған шенеуніктердің қосымша «әуежайына» айналды.
***
Кассациялық өтініш бойынша Жаңаөзен мұнайшыларына қатысты сот шешімін өз күшінде қалдыру деген сөз - Ақорданың абыройының айрандай емес, мұнайдай, керек десеңіз, қандай төгілуі!
***
Көкек өз атын өзі шақырады! Ұлттық банк ұсынып отырған банкирлердің «қара тізіміне» бас банктің басшыларын бірінші кезекте жазу керек!
«Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы» туралы билік жиі айтады. Бірақ бүгінгі таңда ол тек қана мұнай бағасының конъюнктурасына негізделген ғой! Ал ертең, жаман айтпай жақсы жоқ, сол баға төмендеп, бюджет суалып қалса, не істейміз? Кімді жауапқа тартамыз?
Сол кезде Ұлттық банк ұсынып отырған «қара тізімнің» де керегі шамалы боп қалады.
Өйткені ол тізімге қаржыгерлер ғана емес, сол қаржының қызығына қарық болып, байлыққа белшесінен батып жүрген, бірақ сол қаржының шыжығының дәмін татқысы келмей жүрген саясаткерлер де еніп кетуі ғажап емес.
Мәселе - сонда!
***
Бүгін теледидардан көрдім: Гайдар оқулары барысында ресейлік министрлер мен Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры арасында түсінбестік орын алып, кикілжің ұласып кете жаздады. Ресей ДСҰ-ға мүше болғалы бес ай бопты, соған қарамастан осы күнге дейін ол ДСҰ-ның біраз талап-ережелеріне қарсы екен! Соңғы кезде біз Қазақстанның осы ұйымға мүше болуы туралы тақырыпты ұмыт қалдырған сияқтымыз. Жеті рет өлшеп, бір шешейік, ағайын!
***
Кейбір БАҚ пен саясаттанушылардың «пәленше ана жерге, түгенше мына жерге бастық болып барады екен» деген сәуегейлігін оқып, таң қаламын. Бұл таң қалуымның екі себебі бар. Біріншіден, қазіргі жүйеде кімнің - кім болатынын, өсетінін не өшетінін, мінбеден не түрмеден табылатынын бізде бір ғана адам біледі! Менің білуімше, ол кісі сол тым болжамшыл сарапшылармен ақылдасып жүрген жоқ.
Екіншіден, дәстүрлі демократия орнап, билік заң және жалпыға ортақ заңдылықтар негізінде қызмет атқарса, «жаман бастық өшеді, не жақсы бастық өседі» деп болжам айтуға болады. Бізде өсу мен өшудің критерийлері басқаша әрі баршаға белгілі: билікке жақсаң - өсесің, жақпасаң - өшесің! Ал алдын ала болжаулардың ойы, меніңше, басқаша: не өз адамына пиар жасау, не өсейін деп келе жатқан қарсыласқа кедергі келтіру.
***
Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның көрсеткішінің төменділігіне Үкімет басшысы қапаланып жатыр екен. Сыртқы рейтинг, әрине, керек, ол өркениеттік белгісі. Бірақ сонымен бірге ішкі рейтинг туралы неге бір сәт ойланбасқа? Яғни, Үкіметтің жұмысы туралы президент немесе сол Үкіметтен ақша алып отырған ресми БАҚ емес, қатардағы қазақстандықтар, тәуелсіз сарапшылар, отандық бизнес өкілдері не ойлайды екен? Ал ішкі рейтингтің қазақша бір баламасы - сенім! Халқының сенімінсіз ешбір Үкіметтің көсегесі көгермейді!
***
Өткен аптада жиенім үйленіп, Ақтөбеге барып қайттым. Алыс-жақыннан қонақтар келді. Үш күнде біраз адаммен таныстым, жақсы сөйлестім. Бір нәрсе анық: қарапайым халық саясаттан алыс деген биліктің санамызға сіңіріп жүрген аңызы - далбаса! Қалың елдің ортасы қайнап тұрған саясат! Бәрін де біледі, көп нәрседен хабардар, бәрін де түсінеді! Шынтуайтына келсек, нағыз оппозиция Алматыда жүрген біз емес, солар, әділеттік пен шындықты аңсап жүрген қандастарымыз! Қоғамда қалыптасқан осы әлеуетті дұрыс пайдалануымыз керек деп ойлаймын!
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 02 (178) 24 қаңтар 2013 жыл