Астана маңында Дьяченко, Терещенко, Кулагиннiң қанша гектар жерi бар?
Астанада жердiң бағасы күннен-күнге шарықтап барады. "ABC Royal Estate" жылжымайтын мүлiк агенттiгiнiң атқарушы директоры Расул Биккининнiң таратқан ақпаратына қарағанда, ең қымбат және ең өтiмдi жер телiмдерi қаладағы Бейбiтшiлiк және Келiсiм сарайы (Пирамида) ауданында пұлдануда. Ал қала сыртындағы қараша халықтың қалтасы көтередi-ау деген жер телiмдерiнiң бағасы екi есеге өскен.
Дьяченко
Жастайынан шиеттей төрт баламен жесiр қалған Жазира апай 10 жылдан берi Астанада пәтер жалдап күнелтiп жүр. Балалары ержеттi, қызы бойжеттi. Қаладан үй сатып алуға шамасы жоқ. Астана маңындағы елдiмекендердi жағалап жүргенi де содан. Тиындап жиған 6 мың долларға жер телiмiн алсам деген ниетi бар. Бiрақ, онда да бұл сомаға жер телiмi жоқ болып шықты. Естуiнше, дәл қазiр қала iргесiндегi Қосшы ауылындағы он сотық жер 25 мың доллардан кем бағаланбайды. Қаладан жиырма бес шақырым қашықта жатқан Қояндының өзiнде жер телiмi 10 мың доллардан кем түспейдi.
Жер бағасының бұлайша еселеп өсуiнiң бiрнеше себебi бар. Бiрiншiден, Астанада мемлекет есебiнен жер телiмiн берудi шектеп қойған. Екiншiден, "ЭКСПО - 2017" халықаралық көрмесi де жер құнының қымбаттауына себеп болды. Үшiншiден, урбанизация, күнкөрiс қамымен ауыл халқы қалаға әлi күнге ағылуда.
Терещенко

Заңға сүйенетiн болсақ, Қазақстанда 18 жасқа толған әрбiр азаматтың жеке баспана құрылысы үшiн 10 сотық жер телiмiн алуға толықтай құқығы бар. Десе де, өкiнiшке қарай, дәл осы құқықты пайдалану мүмкiндiгi қараша халықтың маңдайына жазылмай тұр.
Бұлай демегенде қайтемiз, мәселен, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттiгi жеке тұрғын үй құрылысына жер телiмiн сұрап өтiнiш берген 929 мыңға жуық азамат кезекте тұрғанын хабарлады. Мемлекеттiң бұл қамқорлығына жылына 12 мыңнан астам азамат iлiнедi екен. Олай болса, мемлекеттiң есебiнен ұлтарақтай тегiн жер телiмiн аламын десеңiз, сарғайып бақандай 76 жыл күтесiз.
Қазаққа өз елiнде, өз жерiнде ұлтарақтай жер алуы мұң болғанда, әсiресе, ауыл-аймақтан Астанаға ағылған қараша халық үйсiз-күйсiз пәтерден-пәтерге тентiреп жүргенде есебiн тапқан пысықайлар бас қаланың маңындағы шұрайлы жерлердiң иесi болып шыға келген. "Жел тұрмаса, шөптiң басы қимылдамайды", ұзынқұлақтың айтуынша, мәселен, әуежай маңындағы Тельман елдiмекенiнiң иесi Сергей Дьяченко екенiн жер телiмiн iздегендер бес саусақтай бiлiп алған. Қараша халық үшiн қаладан жиырма бес шақырым қашықта орналасқан Қояндыда он мың долларлық қолжетiмдi жер бар болғанымен, құжаттары күмәндi. Өйткенi бұл аймақтың заңды иесiмiн деп Терещенко сығалап тұр.
Кулагин
Бүгiнде қаладан алыстау болса да Егiндiкөлдiң маңы малға жайлы, айдынында шалқыған Алакөл жатыр дегендердiң үмiтi де су сепкендей басылған. Себебi, дәл осы маңдағы қазақтың Алакөлi де пұлды болып, жекеменшiкке көшкен. Сенатор Сергей Кулагиннiң жеке қожалығы дейдi бiлгiштер. Шалқар көлдiң маңына адам былай тұрсын, шыбын қондырмайды дейдi айтқыштар.
«Қарнымның ашқанына емес, қазақтың қадiрiнiң қашқанына қынжыламын», - дейдi өмiрде көп қиыншылықты көрген Жазира апай, - Ата-бабамыз найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен қорғаған қазақтың қасиеттi жерiн көздiң қарашығындай сақтаудың есесiне, көрiнгеннiң қолына ұстатып жiберуде. Қаншама шұрайлы жердiң иесi болатындай Дьяченко, Терещенко, қазаққа қандай еңбегi сiңдi? Бiз сияқты қарапайым жұртқа қазақтың кең жерiнiң ұлтарақтай бөлiгi де бұйырмай тұрғаны, өкiнiштi-ақ".
Дилара ИСА
«Жас Алаш» газеті