Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3672 0 пікір 28 Қаңтар, 2013 сағат 08:20

Қуандық Шамахайұлы. Ертісбаев шынымен еркін сөзді жоқтады ма?

Елбасының кеңесшісі Е.Ертісбаев еліміздің баспасөзінен журналистік зерттеу жанрын жатып кеп іздеп шарқ ұрыпты. «Время» газетінде берген сұхбатын көргенде  оның демократияшылдығына бек риза болып қалады екенсің. Бірақ, сол шіркіннің (жанрды айтамын да) біздегі халі нешік?! Жай шынайы жағдайды хабарлаған репортаждары үшін алды таяқ жеп, соңы сотталып, тіпті саяси тапсырыспен өлтіріліп жатқан елде журналистерді кінәлау қаншалықты орынды болар екен. Жалпы авторитарлық режимдегі елдерде аса қатерлі саналатын жанрды біздің Президентіміздің саяси кеңесшісі жоқтап жатса ше? Алдымен, осы жанрдың өзінің басын ашып алайықшы.

Қазақ баспасөзінде  «журналистік  зерттеу»  деп  аталатын  бұл  термин  ағылшын  тілді  елдерде  «Investigative  journalism», ал,  Ресейде «журналистское расследование»  делініп  жүр. Түпкілікті  мағынасын  орыс  тіліндегі  баламасы  толық  ашатын  секілді.  Біздің  «зерттеу»  сөзіміз  ағылшын  тілінің  «scientific research», орыс  тілінің  «исследование»  сөздерімен  төркіндес  болып  келеді.  Сондықтан  журналистік  «зерттеу»  дегеннен  гөрі  «іздестіру»,  «із  кесу»  секілді  сөздерді  қолдансақ  әлде  қайда  тиімді  болатын  түрі  бар. Атаудың  өзінде  дәлдік  болмаса, өмірдегі  істің  барысында  түсінбестіктің  салдарынан  қайшылық  тумасына  кім  кепіл.

Елбасының кеңесшісі Е.Ертісбаев еліміздің баспасөзінен журналистік зерттеу жанрын жатып кеп іздеп шарқ ұрыпты. «Время» газетінде берген сұхбатын көргенде  оның демократияшылдығына бек риза болып қалады екенсің. Бірақ, сол шіркіннің (жанрды айтамын да) біздегі халі нешік?! Жай шынайы жағдайды хабарлаған репортаждары үшін алды таяқ жеп, соңы сотталып, тіпті саяси тапсырыспен өлтіріліп жатқан елде журналистерді кінәлау қаншалықты орынды болар екен. Жалпы авторитарлық режимдегі елдерде аса қатерлі саналатын жанрды біздің Президентіміздің саяси кеңесшісі жоқтап жатса ше? Алдымен, осы жанрдың өзінің басын ашып алайықшы.

Қазақ баспасөзінде  «журналистік  зерттеу»  деп  аталатын  бұл  термин  ағылшын  тілді  елдерде  «Investigative  journalism», ал,  Ресейде «журналистское расследование»  делініп  жүр. Түпкілікті  мағынасын  орыс  тіліндегі  баламасы  толық  ашатын  секілді.  Біздің  «зерттеу»  сөзіміз  ағылшын  тілінің  «scientific research», орыс  тілінің  «исследование»  сөздерімен  төркіндес  болып  келеді.  Сондықтан  журналистік  «зерттеу»  дегеннен  гөрі  «іздестіру»,  «із  кесу»  секілді  сөздерді  қолдансақ  әлде  қайда  тиімді  болатын  түрі  бар. Атаудың  өзінде  дәлдік  болмаса, өмірдегі  істің  барысында  түсінбестіктің  салдарынан  қайшылық  тумасына  кім  кепіл.

Мәселенің  ішкі  мазмұнына  тереңдеп  енбеген, оның  себеп-салдарын  ашпаған, көтерілген  проблемалар  мен  жасалған  тұжырым  нақты  дерекпен  дәйектелмеген,  құпия  жемқорлық  пен сыбайластықтың  жасырын  сырларын  ашпаған, көріністі  жай  ғана сырттай  сипай  қамшылаған,  азғана  деректің басын  қосқан  ағымдағы  мақала  ешқашан  «журналистік  зерттеу»  бола  алмайды. Қазір  оны  білмей-түсінбей  жатып, атауды  оңды-солды  қолдану  үрдісі  байқалып  жүр.

Жалпы  радио - телевизия,  баспасөз  арқылы  күнделікті  таратылатын  репортаждар  мен  журналистік  зерттеу  материалдарының  айырмашылығы  жер  мен  көктей  дегенді  кейбір  журналистер   біле  бермейтіні байқалады. Осының  өзінен-ақ, бізде  журналистік  зерттеуге  бейімделудің,  жұмыстық  тәжірибе  жинақтаудың,  біліктілік  пен  қабілеттілікті  игерудің  қажеттілігі  туындап  отырғанын  көруге  болады.  Бұқара  қауым  үшін  онсыз да басы  ашық,  көпке  мәлім  жайттар  еш  қашан  журналистік  зерттеуге  арқау  бола  алмайды.  Осы  себептен  батыстық  ғалымдар  «белгілі  бір  жеке  тұлғалардың  немесе  мекемелердің  өзгелерден  құпиялап  жасырған  сырларына  терең  үңіліп,  сол  арқылы  қоғамдық  мүддеге  сай  өзекті  мәселе  көтерген  мақалалар  мен  бағдарламалар  журналистік  зерттеу» бола  алатынын  айтады. Зерттеу  журналистикасының  туындыларының  тақырыптары  төменде  көрсетілген  үш  негізгі  факторды  өн  бойында  сақтайтындығымен  ерекшеленеді:

Біріншіден, оқырман  қауымның  ізденістері  мен  қажеттіліктеріне  сай  келу;

Екіншіден, қоғамдық  маңызы  жоғары,  оқырмандардың  психологиясына  ықпал  етерлік  қабілетінің  болуы;

Үшіншіден, журналистің  ұсынып  отырған  дерегі  жеке  тұлға  немесе  ұйымның  халықтан  жасыруды  көздеген  құпия сырлары  болғаны  жөн.

Аталмыш  факторлардың  қай  бірі  болмаса  ол  дерек  журналистік  зерттеуге  өзек  бола  алмайды. Ал,  өкінішке  қарай  біздің  журналистер  жоғарыдағы  факторларды  ескеріп  жатқан  жоқ. Осының  салдарынан  нақты  нәтиже  көрінбей,  тақырып  ашылмай  қалып  жатады. Оның  сыртында  дерек  тереңдеп  зерттелмейді,  жан-жақты  талдау  жасалмайды.

Демократияның  іргелі  талаптарының  бірі - сайланған  өкілдер (депутаттар)  мен  мемлекеттік  шенеуніктердің  халық  алдындағы  жауапкершіліктерін  арттыру  мәселесі.  Жауапкершілік  жүктеу  үшін көптеген  механизмдер  қолдануға  болады.  Алайда,  ең  супер  делінген  құрылымның  өзін  жеке бас  пайдасына  қолайлы  етіп  алатын  пысықайлардың  қулықтарына  тосқауыл  қою  оңай  шаруа  емес. Әрбір  істе  қателіктердің  болмай  тұрмайтыны  тағы  белгілі. Соның  бәрін  дер  кезінде  әшкерелеп, жөнге  салып  отыру  журналистік  зерттеудің  миссиясы  болмақ.

«Мемлекет  пен  үкіметтің  қызметі  оның  ішінде  сыбайлас  жемқорлық,  лауазымдық  билігін  теріс  пайдалану  секілді  көріністер көпшілік  қауымның  қызығушылықтарын  тудыратындықтан  оны  әшкерелеу  арқылы  былыққа  жол  бермеу  үшін  баспасөз  бен  ақпарат  құралының  «қабаған  иттің»  міндетін атқаруы  аса  маңызды».  Адам  құқықтары  жөніндегі  Еуропа  соты  осылай  деп  ерекше  атап  көрсетеді.

Жоғарыда   аталған  сөздің  мағынасына  сүйенсек, журналистік  зерттеудің  сөз  бостандығы  мен  тәуелсіз  баспасөздің құрамдас  бөлігі  екендігіне  көз  жеткіземіз. Ол - қоғамда  салауатты, кіршіксіз  таза  ахуал  қалыптастыра  отырып, шындықты  табады, халықтың  ой, пікірлеріне  сүйеніп  мемлекеттік,  үкіметтік  мекемелердің  және  ондағы  лауазым  иелерінің  қызметіне  бақылау  жасайды. Журналистік  зерттеу  аталмыш  қызметін   келесі  бағыттар  бойынша   өмірде жүзеге  асыруға  мүмкіндігі  бар:

1) Көптің  бақылауынан  тысқары  тұрған,  құпия  сыбайластықтар, мафиялық  сипаттағы  оқиға,  көріністерді  дәйекті  деректер  арқылы  жариялау,  халықтың  назарын  оған  жедел  түрде  аудару;

2) Баспасөздің «төртінші  билік»  ретіндегі  функциясы  мен  маңызы  көбінесе  журналистік  зерттеу  арқылы  анықталады.  Заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  биліктерінің  қателіктерін,  бұра  тартушылықтарын,  қызметтеріндегі  олқылықтарын  халыққа  ашып  көрсету  жолмен  бақылау  жасайтын  мүмкіндік  тек  тәуелсіз  баспасөзде  ғана  болады. Оны  журналистік  зерттеу  жүзеге  асыратындықтан  өзге  жарияланымдардан  ерекшеленеді. Оның  артықшылығы  да осында. Сондықтан,  аталмыш  үш  биліктің  қызметін  басты  назарда  ұстау;

3) Журналистік  зерттеудің  ұстанатын  басты  ұстанымы - жариялылық  пен  пікір алуандығы. Аталмыш  тәртіп  негізінде  барлық  оқиға,  көріністі  халықтың  бақылауында  ұстау,  лауазымды  қызмет  қылмыстарын,  мемлекет,  үкіметтің  диктатуралық  механизмдерін,  әрбір  жобалар  мен  тендерлердің  тасасындағы  сыбайластықтарды  әшкерелеп,  көптің  назарына  ұсыну;

4) Елдің  ұлттық  қауіпсіздігіне  зиян  шектіретін  әрбір  әрекетті  ашып  көрсетуге,  оған  тиым  салуға  мақалалар  мен  бағдарламаларды  бағыттау. Саясаттағы,  бизнестегі, заң  мекемелеріндегі  құпия  сыбайластыққа  қатысты  мафиялық сипаттағы  қылмыстарды  құқық  қызметкерлерінен  бұрын     журналистік  зерттеу  ісін  мықты  меңгерген  журналистер  әшкерелеп,  тосқауыл  қоя  алады;

5) Белгілі  бір  елде  әділетті,  зайырлы, демократиялық  қоғам  орнатудың  бір  өлшемі  сөз  бостандығы  мен  журналистік  зерттеудің  дамуын  жан-жақты  қолдау, онымен  бірлесіп  жұмыс  істеу  үрдіспен  тікелей  астасады. Сондықтан, болашақ  журналистерді  журналистік  зерттеу  бойынша  арнайы  мамандандыру  қажет.  Зерттеу  журналистикасының  тілшілері  даярлығы  мықты  кәсіби  журналист  болуымен  қатар  еңбекқор,  іскер,  төзімді,  алғыр,  батыл  және  құқықтық, экономикалық  саланы  жетік  игерген  болуы  қажет.

Дамушы елдерде  іздестіру  журналистикасын  дамыту  үшін  ең  алдымен  оған  қолайлы  орта  қалыптасқан  болуы  шарт. Ондай  ситуация  қалыптаспаған  жерде  журналистік  зерттеу  туралы  айтудың  өзі  артық. Қолайлы  жағдай  қалыптастыруға  ықпал  ететін  үш  фактор  бар:

Біріншіден, іздестіру (із  кесу)  журналистикасын  дамытуға  мүмкіндік  жасай  алатын,  азат  дербес,  пікір алуандықтың  мінберіне  айналған  БАҚ-тың  болуы.  Бүгінде  Қазақстанда   ресми  тіркелеген  БАҚ -тардың  80  пайыздан  астамы  мемлекеттік  емес  дегенді  жиі  ауызға  аламыз. Ал,  олардың  нешеуінде  іздестіру  қызметі  бар, қанша  журналист  зерттеумен  айналысады  дегенге  келгенде  айтарымыз жоқ.  Дегенмен,  қылмыстық  оқиғалар  жайында  жазатын,  көрсететін  жекелеген  газеттер  мен  телеарна  бағдарламалары  баршылық. Сондай-ақ, елдегі  кейбір  жемқорлыққа  байланысты  қылмыстар  жайында  батыл  жазып  жүрген  жекелеген  журналистер  де  кездеседі. Мұның  өзі   алдағы  уақытта  іздестіру  журналистикасының  негізін  салуға,  ілгері  дамытуға  мүмкіндіктің  бар  екендігін  көрсетеді.

Екіншіден,  журналистердің  мәселеге  дұрыс  талдау  жасай  алуы, жан-жақты  зерттеп,  із  кесу  қабілет  пен  машықты  игеруі. Ол  үшін  журналист  әртүрлі  көздерден  аса  өзекті  әрі  негізгі  ақпараттарды  тауып  ала  білетін,  оны  дұрыс, тиімді  пайдаланатын,  өзіндік  әдіс  тәсіл  мен  тәжірибесі  бар  тұлға  ретінде  қалыптасуы  керек.

Үшіншіден, қоғамдық  мүддеге  сай  келетін  проблемаларды көтерген  материалдарын  ешбір  жазалаудан,  қуғын-сүргіннен  қорықпай  еркін  де  батыл  жариялай  алатын  құқық  журналисте  болуы  тиіс.

Жоғарыда  аталған  үш  фактордан  белгілі  болғандай, жалпы  із  кесу  журналистикасының  негізгі  іргетасы - азат  дербес  баспасөз жүйесі  екен.  Алайда, демократиялық баспасөздің классикалық үлгісін Е.Ертісбаев «Казахстанская правда» екен деп ойлап қалып, журналистер батыл қадам жасамайды деп сөккен болса, қатты қателесіп отыр.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338