Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1388 0 пікір 17 Қазан, 2022 сағат 14:11

Беларусь Ресей әскерін шекараға орналастырып жатыр

Беларусь «Аймақ тобы» әскерінің 9 мыңға жуық жауынгерін қорғаныс үшін Украинамен шекарасына орналастыратынын жариялады .

«Аймақ» күштері құрамындағы Ресей әскерінің алғашқы эшелондары Беларуське келе бастады, саны 9 мыңнан аспайды",- деп жазды Беларусь қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы Валерий Резенко твиттер парақшасында.

Бұған дейін, Александр Лукашенко Украина мен Батыстан қауіп төніп тұрғанын айтып, Ресей әскерін шекараға орналастыратынын мәлімдеген.

 

Abai.kz

0 пікір