Сенбі, 16 Мамыр 2026
2892 1 пікір 18 Қазан, 2022 сағат 12:47

Жетісу облысының Елтаңбасы бекітілді

Байқау комиссиясы мүшелерінің таңдауы Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әскери-патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі Есет Дәуренбаевтың эскизіне түсті.

Жетісу облысының гербі шеңбер ішінде орналасқан, мемлекеттік Тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылған.

"Негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік таулары, Талдықорған қаласының символы "Жетісу монументі", Ұлы Жібек Жолының нышаны – керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдыны бейнеленген", – делінген хабарламада.

Елтаңбаның жоғарғы жағында облыстың атауы алтын әріптермен жазылған.

Байқауға 17 қатысушы 55 эскиз ұсынған. Оның ішінде суретшілер, фотографтар, сәулетшілер, дизайнерлер болды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894