Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
2191 4 пікір 18 Қазан, 2022 сағат 13:18

Ресейден қанша қандас келді?

Жыл басынан бері Ресей Федерациясынан келген 1 039 этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алуға өтініш білдірген. Оның жартысына жуығы Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң құжат тапсырған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ал 21 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстанға келген 544 этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алу үшін құжат тапсырған.

Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері 14 715 адам «қандас» мәртебесін алған. Оның ішінде Ресейден келген 1 079 адамға «қандас» мәртебесі берілді.

21 қыркүйектен бері Ресейден келген 592 этникалық қазақ «қандас» құжатын алды.

Сондай-ақ министрлік заңға сәйкес, қандастардың қай елден келгеніне қарамастан, бәрі бірдей мүмкіндікке ие екенін хабарлады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Содан кейін ресейліктер Қазақстанға және өзге де елдерге көше бастады.

 

Abai.kz

4 пікір