Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
Қаңтар оқиғасы: 1644 5 пікір 19 Қазан, 2022 сағат 13:58

17 полицей мен 12 ҰҚК қызметкері жауапқа тартылуда

Қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарды азаптаған полиция мен ҰҚК-ның 29 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

«Азаптау бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағы бес іс аяқталды. Аталған бес іс бойынша 23 адамға айып тағылды. Тағы бір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы 29 адам азаптау бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда.Олар: 17 полицей, 12 ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері», - деді Шындалиев.

Азаптаудан алты адам қайтыс болған. Үш адамның өлімі бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталған. Қалғандары тергеліп жатыр.

Abai.kz

5 пікір