Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1627 2 пікір 19 Қазан, 2022 сағат 14:14

Зеленский Петр Врублевскийді қызметінен босатты

Украина президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы Елшісі қызметінен босатты.

"Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлық мәтінінде.

Құжат Украина президентінің ресми сайтында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Врублевский қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында Киев режимі "мүмкіндігінше көп ресейліктерді өлтіруге" күш салып жатқанын мәлімдеген болатын. Елшінің бұл мәлімдемесінен кейін Ресей билігі Украинаның Қазақстандағы елшісін Қазақстан билігі елден қуып шығуы керек талап қоя бастады. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де Врублевскийдің бұл әрекетін әбестік санап, айыптаған еді.

Abai.kz

2 пікір