Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1978 2 пікір 26 Қазан, 2022 сағат 15:38

БАҚ: TikTok жақында Қазақстаннан өкілдігін ашады

TikTok платформасы осы күзде Қазақстаннан өкілдігін ашады. Бұл жөнінде Global Business Solutions (TikTok, Шығыс Еуропа) директоры Анастасия Панинаның Astana Media Week пленарлық сессиясы кезінде айтқанына сүйенген жергілікті БАҚ жазды.

"Көп жаңа контент пайда болып жатыр. Себебі Қазақстандағы аудитория шығармашыл, жұрт өзін жеткізу үшін платформаны пайдаланады. Платформа ретінде қауымдастығымызға жақынырақ болғымыз келеді. Сол себепті осы күзде Қазақстаннан өкілдігімізді ашамыз" деді Анастасия Панина.

Оны кейбір БАҚ TikTok Kazakhstan'ның болашақ жетекшісі деп атайды.

Оның сөзіне қарағанда, TikTok кеңсесі Астана мен Алматыда орналасады. Онда платформаны өз мақсатына пайдаланатын серіктестер мен бизнес өкілдері жұмыс істейді.

Мамыр басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев белсенділер мен сарапшылар сынаған кибербуллинг туралы заңға қол қойған. Депутаттар "жасөспірімдерді интернеттегі әлімжеттіктен қорғайды" деп атаған заң әлеуметтік желі мен мессенжер иелерін бір күн ішінде заңға қайшы контентті жоюға міндеттейді.

Бастапқыда заң жобасында шетелдік әлеуметтік желілерін Қазақстаннан өкілдік ашуға міндеттейтін пункт болған. Кейін ол республикада заңды өкілін тағайындау туралы пунктімен алмастырылды.

Заң жобасына қарсы азаматтар билік кибербуллингті сылтауратып, оны "жағымсыз" контентпен күреске пайдалануы мүмкін деген қауіп айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019