Жұма, 22 Қараша 2024
1900 2 пікір 28 Қазан, 2022 сағат 13:21

Өңірлерде Адам құқықтары өкілдері тағайындалды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімімен «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңға сәйкес бірқатар облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында омбудсменнің өкілдері тағайындалды. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында жарияланды.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жұмысты бастады. Сондай-ақ, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Жетісуда конкурстық іс-шаралар жалғасуда.

Ағымдағы жылы Қазақстанның 17 өңірінде Уәкілдің өкілдігі жұмыс істейтін болады. Тағы 3 өңірде (Ұлытау, Абай және Алматы облыстары) өкілдіктер 2023 жылы тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін ашылады деп жоспарлануда.

Өкілдер мемлекеттік қызметші болып табылады және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тағайындалды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің лауазымы Қазақстан аумағында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкiлдiң атына ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың құқықтарын қорғаудағы қол жетімділігі мақсатында құрылған.

Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, өңірдегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ынталандыру және ілгерілету мақсатында мемлекеттік билік органдарына, құқық қорғау және сот органдарына жүгіну жөнінде кең өкілеттіктер берілген.

Өкілдерге Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағында орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар немесе олардың өкілдері жүгіне алады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322