Сенбі, 23 Қараша 2024
1556 1 пікір 3 Қараша, 2022 сағат 13:48

8 ай бойы түрмеге қамалған Жанболат Мамай үйқамаққа ауыстырылды

Тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі, белсенді Жанболат Мамай түрмеден шығып, үйқамаққа ауыстырылды.  Ол ақпан айынан бастап 8 ай бойы қамауда отырды.

Оның үстінен ашылған қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы 7 қарашада өтпек.

Белсенді абақты алдында қарсы алған жақтастарының алдында «өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын, шындық үшін күресетінін» айтты.

«Сіздерге көп рақмет! Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. СИЗО-дан шығып, үйге баруға еш дайындалмаған едім. 8 жарым айымды камерада өткіздім. Аяқ астынан бостандыққа шығасын деп қағаз алып келді. Сіздерге алғысым шексіз! Бұл – тек қоғамның жеңісі деп ойлаймын. Бұл – толық бостандық емес. Үйқамаққа ауыстырылдым. Егер қоғам наразылық білдіріп, халықаралық ұйымдар қолдау білдірмесе, бүгінгі жағдай орын алмас еді. Маған тағылған айыпты мен мойындаған емеспін және мойындамаймын да. 8 жарым айдан бері мен саяси себеппен түрмеге қамалдым. Денсаулығым өте жақсы. Оған қатысты ешқандай арыз-шағымым жоқ. Бүгінге дейінгі әлемге деген менің терезем жұбайым мен қорғаушыларым болды. Сотта шындықты дәлелдеп күресуге мен дайынмын», - деді Жанболат Мамай.

Белсендіге заңсыз митинг ұйымдастырды, полицияға тіл тигізді, жалған ақпарат таратты деген айыптар тағылған. Таяуда Жанболат Мамайға тағылған «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айып «Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» бабымен ауыстырылған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364