Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1789 3 пікір 4 Қараша, 2022 сағат 12:01

«АрселорМиттал Теміртау» шахталарды улы қалдықтан 25 жыл бойы залалсыздандырмаған

25 жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шахта қабаттарында улы заттарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына көмір шахталарының тау-кен қазбаларын қауіпсіз күйде ұстап, оларды желдетіп әрі қауіпсіздік бойынша технологиялық жұмыстарды жүргізетін қызметкерлердің штатын жасақтау қажет. Сонымен қатар, қажетті жабдықтарды белгіленген мерзімде уақтылы ауыстыруы тиіс. Яғни, бекітілген негізгі желдету құрылғыларын пайдалану мерзімі - 14 жыл. Қазіргі кезде мұнда 1970-1980 жылдардан бастап қолданылып келе жатқан желдеткіштер апатты жағдайда тұр», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 3 қарашаның түнінде Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болып, 5 кенші мерт болды. Тағы төртеуі жарақаттанып, ауруханаға түсті.

 

Abai.kz

3 пікір