Сейсенбі, 8 Қазан 2024
2368 1 пікір 4 Қараша, 2022 сағат 12:42

БАӘ -нің Қазақстанға салған инвестициясы артып келеді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстанға құйған инвестициясы 2 есеге өсті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді.

Білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, энергетика және жаңартылатын энергия көздері, тау-кен металлургия кешені, көлік және логистика, құрылыс және т.б. салалардағы перспективалы бірлескен жобалар анықталды.

2022 жылдың 6 айында БАӘ-ден ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 128,7 млн АҚШ долларын құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында тауар айналымының көлемі 550,1 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 514,6 млн доллар, импорт – 35,5 млн доллар).

 

Abai.kz

1 пікір