Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2952 0 пікір 11 Тамыз, 2009 сағат 08:22

Қазақстаннан мұнай экспортына тиым салу отандық МӨЗ-дерді толық жүктеуге көмектеседі – БҚА басшысы

Шымкент. 10 тамыз. ҚазТАГ- Қазақстаннан шикі мұнай экспортына тиым салу отандық МӨЗ-дерді толық жүктеуге көмектеседі, деп мәлімдеді ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің (БҚА) төрағасы Мәжит Есенбаев.

Ол дүйсенбі күні Шымкентте мұнай өнімдері нарығына қатысушылармен және жанар май бағасы ең көп өсіп отырған Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының басшылық өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

ҚазТАГ тілшісі хабарлап отырғандай, «ПетроКазахстан Сауда үйі» ЖШС директоры Го И кеңес барысында Шымкент МӨЗ-і, зауытқа жеткізіліп тұратын мұнай көлемі қысқартылуы себепті «қуатының 75% шамасында» жұмыс істеп тұрғанын атап өткен. Бірақ, «қажет болған жағдайда зауыт қуатын арттыра алады», - деп қосты ол.

«Бұл мәселені екі жолмен шешуге болады. Құзіретті органдар бұл мәселені берілетін мұнайды зауытқа жеткізушілермен қарастырады. Немесе – әкімшілік тәсіл: біз мұнай экспортына тиым саламыз», - деді М. Есенбаев, Сауда үйі директорының баяндамасына түсініктеме беріп.

«ПетроКазахстан Сауда үйі» ЖШС, қытайлық CNPC-мен байланыстағы  «ҚазМұнайГаз» және  PetroKazakhstan-мен бақыланатын Шымкенттегі МӨЗ мұнай өнімдерінің көтерме трейдері болып табылады.

БҚА мәліметтері бойынша, АИ-80 маркалы бензин Шымкентте 33% қымбаттап литріне 54 теңгеге,  АИ-92 - 22% қымбаттап 88 теңге/л-ге жетті. «Бұл соңғы бір жарым айда ғана. Ол аз десеңіз бұл маркадағы бензиндер тек талонмен жіберіледі», - дейді М. Есенбаев.

ЖЖМ бағасының нарықтағы көтерілуінің тағы бір себебін М. Есенбаев ортадағы делдалдардың көптігінен дейді. Осыған байланысты ол парламентке мұнай өнімдері нарығындағы делдалдарды алып тастайтын заңға түзетулер енгізуге уәде етті.

«Ортадағылар бағаны көтеріп отыр. Және біздің қазір қолданып отырған шараларымыз аталған жағдаятқа жедел және әкімшілік араласуға бағытталған. Келешекте бұл мұнай өнімдері айналысындағы делдалдарды толығымен құртатын нормаларды заңға енгізумен бекітілмек. Мен аталған заң жобасы күзде қабылданатын шығар деп ойлаймын. Және біз ешкімге жалынбайтын боламыз», - деп қосты ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371