Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1328 2 пікір 16 Қараша, 2022 сағат 12:38

Түркияда тағы жарылыс болды

Ыстамбұлдың Фатих ауданында жарылыс болды. Бірнеше көлік отқа оранды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы деректер анықталып жатыр.

Кейбір ақпарат бойынша, өрт алдымен бір көлікті шарпыды, кейін жалын тұрақта тұрған өзге машинаға ауысты. Оқиға Ыстанбұлдың негізгі көрікті орындары - Айя-София мешіті және Көк мешіт орналасқан жерден 5 шақырым жерде – Қожа Мұстафа көшесінде болды.

Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.

Еске салсақ, 13 қарашада Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истиклял жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды. 14 қарашада жарылыс жасады деген күдікті ұсталғаны белгілі болды.

 

Abai.kz

2 пікір