Қайрат Құдайберген әлі қамауда отырады
Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қаңтар оқиғалары ісі бойынша қамауға алу ұзартылды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
"2022 жылғы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды.",- деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.
Қамауға алу мерзімі 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Abai.kz