Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 2534 15 пікір 21 Қараша, 2022 сағат 12:31

Оппоненттері Тоқаевқа: «Сіз жеңдіңіз!»

Кезектен тыс президент сайлауы аяқталып, алдын-ала қорытынды бойынша басым дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіп шықты.

Оны ең алғашқы болып Жигули Дайрабаев құттықтады. «Сайлау науқаны өз мәресіне жетті, алдын ала қорытындысы шықты, халық өз таңдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Ел мүддесі үшін еңбек етеді деп сенемін. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына табыстар тілеймін», - деді Дайрабаев.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады.

«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін», - делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы қарсыласы Салтанат Тұрсынбекова: «Менің сайлауалды бағдарламамның арқасында зорлық-зомбылық тақырыбы күн тәртібінен түскен жоқ. Электоралды науқанға қатысушылардың әрбірінің жүрегіне сөзім жетті деген ойдамын», - деген ол да шын жүректен Тоқаевты сенімді жеңісімен құттықтады.

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден сайлаудың әділ өткенін атады.

«Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың Exit poll нәтижесі шықты. Бұл саяси додада жеңіске жеткен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Ашық та әділ өткен бұл сайлау еліміздегі демократияның айқын көрінісі болды. Ел жүгін арқалау – өте үлкен жауапкершілік», - деді Қарақат Әбден.

Қасым-Жомарт Тоқаевты көрші елдердегі әріптестері құттықтап жатыр.

Оларың ішінде, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бар.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434